Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ


Шаһар басшысы Р.Аюпов қаладағы барлық құрылыс нысандарының жұмысының жүру барысымен танысты. Әуелі сапарын Шығыс базарының құрылысы түсетін аумақтан бастады, одан кейін Тұңғыш Президент паркі салынатын 34 гектар жердің құрылыс жұмыстарына дайындығын көрді. Жалпы құрылыс аймағындағы жақын орналасқан тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін қауіпсіздік шараларын ескеруге қала әкімі Р.Аюпов тапсырма берді.


Жұмыс сапарының барысында ескі қала аумағынан салынатын бірқатар аллеялар мен гүлзарларды және қайта жаңғыртылатын скверлердің құрылысын көріп, барынша көгалдандыру жұмысына басымдық беруді нақтылады. Сонымен қатар Байтанаев аллеясына екі жақтама веложол салуды мердігерлермен талқылап, барлық жұмыстың сапалылығы барынша бақылауда болатынын шаһар басшысы мердігер мекемелерге ескертті.