Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: АҚСАҚАЛДАР МЕН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: АҚСАҚАЛДАР МЕН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысындағы ақсақалдар мен қоғам белсенділері Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауына «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдайды. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында бас қосқан зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, қоғам белсенділері арнайы мәлімдеді.

Жиында әдебиет зерттеушісі,  филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек  көшбасшы партияның қолға алуымен елімізде жүзеге асып жатқан игі бастамаларды сөз етіп,  «Nur Otan» партиясының атынан Президенттік сайлауға ұсынылған кандидатураны қолдайтындығын жеткізді.

—        «Nur Otan» партиясы лайықты таңдау жасады деп білемін. Бүгінге дейін іскерлігімен танылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдермен де байланысы жоғары – деді. 

Қазақ елі тарихи әрі жауапты сәтті бастан өткеріп отырғандығын жеткізген  Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Қасымхан Бегманов «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдайтындығын атап өтті.

Басқосуда сөз алған Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Жұмаділлә Кішібаев «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта да ауқымды жобаларды жүзеге асыратындығына сенім білдірді.

—        Ел Егемендегін алған аз ғана уақытта қазақ елі дамудың даңғыл жолына түсті. Бір ғана мысал, айналдырған 25 жылға жуық уақыт ішінде еліміз әлемге танылып, ЕҚЫҰ-на төрағалық етті. ЭКСПО көрмесі өтіп, сәулеті мен дәулеті тасыған Астанамыз бой көтерді. Міне, бұл іс-шараның барлығының басында «Nur Otan» партиясы жүрді. Алдағы уақытта да «Nur Otan»  партиясы игі істердің басы-қасынан табылып, елдің дамуы жолында ауқымды жобаларды жүзеге асыратындығына сенеміз. Сондықтан, «Nur Otan»  партиясы алдағы Президенттік сайлауға ұсынған кандидатураны біз толығымен қолдаймыз. Сондай-ақ, елдің даму жолын айқындап берген Елбасының дара жолын жалғастыратындығына сеніміміз мол – деді Жұмадәллі Кішібаев.

Ал, еңбек ардагері Пернетай Досыбеков  «Nur Otan»  партиясы бүгінгі күнге дейін көптеген игі істердің бастамашысы екендігін айтып өтті.

—        Елдің даму жолында «Nur Otan» партиясының қосып отырған үлесі ұшан теңіз. Көшбасшы партияның қолға алуымен қазіргі таңда Қазақстанның қай өңіріне барсақ та құрылыс саласының қарқынды дамып, ел азаматтарының жұмыспен қамтылып жатқандығына куә болудамыз. Одан бөлек, «Құтты мекен», «Ардагерлерді ардақтайы», ІТ-сынып ашу жұмыстарымен де халықтың көңілінен шығатын істерге ұйытқы болуда – деді.

Басқосуда  қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Әсетулла Каримов, «Түркістан облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестік төрайымының орынбасары Шолпан Бегалиев,  «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Ниязова, Түркістан медицина колледжінің «Жастар ұйымы» төрағасы  Бақытжан Дөкенбай сөз алып,  «Nur Otan» партиясы бастамасымен атқарылып жатқан істер халықтың көңілінен шығатындығын жеткізді. Елбасы басқаратын «Nur Otan» партиясының саяси бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін сөз етіп, Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауына «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдайтындықтарын айтты.

Жиын соңында көпшілік сайлауға қатысуды және партия ұсынған кандидатураны қолдауға бағытталған арнайы үндеу қабылдады.