Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: 200 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: 200 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Түркістан облысы Кентау қаласында қалалық орталық мешіттің ұйытқы болуымен Кентау қаласындағы екі жүз аз қамтылған мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Жүрекке жылулық пен қуаныш сыйлаған шараға Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, Рамазан айымен құттықтады. «Рамазан –бауырмашылдық, жақсылық айы.
Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер. Тіпті, мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау, түк бере алмасақ та, оған жымиып қараудың өзі – сауап. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс. Біздің мақсатымыз қасиетті айда әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу, Алла Тағала Сіз бен біздің қуанышымызды арттырып, өзінің мейірім –шапағатына бөлегей» — деп атап өтті. Қолы ашық азаматтарды жыл он екі ай жақсылықта жарысуға шақырды. Жақсының жасаған шарапаты өзіне шапағат болып, оралатынын айтты. Қуаныш иелері ризашылықтарын білдірді.