Домой Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы аясында республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының Шақпақ-баба елді мекенінде ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында тексеріс жүргізді.

Рейдтік шараның негізгі мақсаты — ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және карьерлерден заңсыз инертті материалды тасымалдау тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Жүргізілген мониторинг жұмыстарына «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Назарбеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов пен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және полиция бөлімінің инспекторлары қатысты. Рейдтік шара барысында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде тауар тасымалдау құжаты болмаған 12 жүк көлігіне ескерту шаралары берілді.

 

Сонымен қатар, жүк тиеген 6 көліктің салмағы белгіленген мөлшерден асып кеткендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құны 1,252360 (бір миллион екі жүз елу екі мың үш жүз алпыс) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы уақытта «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, облысқа қарасты барлық қала/аудандардың жолдарына рейдтік шаралар жіті жүргізіліп, аталмыш жоба аясында жолдардың тез бүлінуіне әкеліп соғатын заңбұзушылықтармен қарқынды күрес әріқарай өз жалғасын табатын болады.