Домой Әлеумет СТУДЕНТТЕРДІ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ «САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ» ТИГІЗЕР ҮЛЕСІ МОЛ

СТУДЕНТТЕРДІ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ «САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ» ТИГІЗЕР ҮЛЕСІ МОЛ

Бүгінгі күні Түркістан облысының барлық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі білім беру жүйесінде туындайтын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен академиялық адалдықты қалыптастыру жолында жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.

Осыған орай, Түркістан облысына қарасты 2 жоғары оқу орны мен 66 колледж аталмыш жобалық кеңсемен атқарылған жартыжылдық жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.

Жыл басынан бері «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі — жастар қауымын рухани-адамгершілік тәрбиемен азықтандыруға және азаматтық-патриоттық белсенділікті арттыруға бағытталған шараларды киелі өңірде жиі іске асырып, жастар арасында жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда бірқатар бастамаларды жүзеге асырды.

Жалпы саны 20 мыңға жуық студент жастар жобаға мүшелік ету барысында қоғам індетінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып, ашықтыққа негізделген адал қоғамды құруға ниетті екендіктерін білдіріп келеді.