Домой Білім ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 3 МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 3 МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

 «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Жалпы, мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», — деген  болатын Мелекет басшысы халыққа арнаған өз Жолдауында.

Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан бұл жобаның мақсаты – ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын мейлінше  азайту. Жас ұрпақтың заманауи, барлық талапқа сай жайлы, жақсы мектепте білім алуы өркениет тұрғысынан ғана емес елдегі әлеуметтік салаларды дамытып, халыққа жағдай жасау көрсеткіші екені айқын.

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Басқа өңірлерге қарағанда қарқынды жүріп жатыр деуге болады.

Иә, облыс орталығының білім саласына келер болсақ, едәуір өзгерістер бар. Қала аумағында 76 мектеп бар болса, оның 34 мемлекеттік, 42 жекеменшік мектеп бар. Аталған мектептердің мәселесін шешу мақсатында 8 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жүзеге асыру аясында 3 мектептің құрылысы басталды.Сондай-ақ, 2023 жылы 10 жеке меншік мектептер іске қосылып, биыл 6 жеке меншік мектеп іске қосылды.

2024 жылы пайдалануға берілетін жалпы есеппен 22 900 орындық 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы жылдың соңында желтоқсан  айында құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Оның ішінде облыс орталығы  Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп биылғы жылы оқушыларға есігін айқара ашып, оқушыларға пайдалануға  беріледі