Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет.

Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек» деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.  Осы Жолдаудағы берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан облысындағы диқан қауымы үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Соңғы жылдар саурандық диқандар су тапшылығының орын алуына байланысты агроөнеркәсіпті әртараптандыру жұмыстарын қолға алуда. Сауран ауданы бойынша өткен жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылғы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырма берілген болатын. Оның 44082 гектар егістік жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1945 гектар артығымен орындалып, 104,6 % құрады. Атап айтқанда, бидай – 4254 гектар, дәндік жүгері – 2875 гектар, мақсары – 580 гектар, күнбағыс – 110 гектар, көкөніс – 2502 гектар, картоп – 470,5, бақшалық дақылдар – 64732 гектар, мақта – 11666 гектар, мал азығы жоңышқа және сүрлемдік жүгері – 15153 гектар алқапқа егіліп, қазіргі таңда өнімі жиналды.

Сауран ауданы бойынша былтыр 12771,9 гектар егістік жерге шитті мақта егіліп, әрбір гектардан орташа 33 центнерден жиналып, 42147 тонна өнім жиналған. Биылғы жылға 11666,0 гектарға егілді. Болжам көлемі 34 ццентнерден айналуда. Барлығы 39665 тонна өнім жиналатын болады.

Бүгінгі күнге 155,0 гектар мақта терілді. Аудан бойынша 7 кәсіпорынның 16 мақта қабылдау бекеттері орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына Түркістан облысы, Сауран ауданының Шаға және Қарашық ауылының тұрғындары қатысады. Бұлай таңдап алуы да тегін емес. Өйткені қос ауылда сүт және мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен осы сала өкілдерінен құралған топ мүшелері ауыл халқымен кездесіп, жобаның маңызына тоқталып, шарттарын түсіндірді.

Айта кетейік, жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе – 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз.

Жиылғандар жобаның тиімді екенін айтып, қызығушылық танытып жатқандар қатары көп. Олар табысын арттырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге ниетті. Жүздесуде тұрғындар жеңілдетілген несие алу, субсидияға қол жеткізу, сауатты бизнес-жоспар құру тағы да басқа ауыл мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды. Көпшілігі бағдарламаға белсенді қатысуға бел байлап отыр.

Мемлекет басшысы Жолдауда: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осыған орай, 2023 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 99,3%. Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге артты . Өсім 103,1% жеткен. 2021 жылдың 8 айында 570,0 млн. теңге болатын. Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.

 «Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн. Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек»,-дейді Мемлекет басшысы.

Осы орайда, өткен жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд. 300 млн. теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 млрд. 141 млн. теңге инвестиция тартылып, 113,4%-ға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, қорытындысымен 3 млрд. 960 млн. теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 млрд 468 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының – балық шаруашылығын дамыту жобасының жалпы инвестициялық құны 608,0 млн. теңгеге жеткізілді. Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасының жалпы инвестициялық құны 2,56 млрд. теңге болды

«Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек».

Бүгінгі күнге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 млн. теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба несие комитетімен мақұлданды.

Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауын сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда, Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына 8,67 шақырым және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың 12,1 шақырымына құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қазіргі таңда үш жақты келісім-шарттың орындалуы (болжамды инвестициялық жобалар, оның ішінде тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестициялар тарту), мал шаруашылығы, су нысандары (су нысандарының жай күйі, құжаттандыру деңгейі), ветеринариялық нысандарды құжаттандыру, күзгі дала жұмыстарының барысы (жер айдау, күздік бидайдың егілуі, шитті мақта терімі, мақта өңдеу зауыттарының шитті мақтаны күнделікті қабылдауы), жанар-жағармайдың шаруаларға босатылуы, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Қорыта келгенде саурандық диқандар қауымы биылғы шаруашылық жылын толайым табыстармен қарсы алғалы отыр.

Сәкен Оразбаев,

Сауран аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.