Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ НАҚТЫЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ НАҚТЫЛАНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс»,-деген болатын.

Осыдан үш жыл бұрын аудан мәртебесін алған Сауранның орталығы Ұлы Жібек жолы бойындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық магистралының бойына орналасқан. Бұл өз кезегінде ауданымыздың көліктік-логистикалық тұрғыдағы жедел дамуына мүмкіндік әпереді.

Қазіргі таңда Сауран ауданында 101 мың 871 адам тұрады. Бұл облыс халқының 4,8%-н құрайды. Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалып отыр. 12 айда ауданымыздың негізгі атқарылған жұмыстарына тоқталып өтсем. Салықтық түсімдердің 2022 жыл қорытындысы бойынша нақты орындалуы 1,4 млрд. теңгені құраса, биыл 2,6 млрд. теңгеге жетті. 2023 жылға қойылған жоспар 104,9%-ға артық орындалды. 12 айдың қорытындысымен ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,2%-ға артып, жан басына шаққанда 1 млн. теңгені құрады. Жалпы, өнімнің ішінде 84,7%-ы ауыл шаруашылығы, 9,2%-ы өнеркәсіп саласы, 4,7%-ы құрылыс саласы болса, 1,4%-ы сауда саласының үлесінде.

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА 90 РЕТ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Өнеркәсіп саласында 11,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде: Тау кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар. Оның ішінде 13 келісім-шарт және 19 лицензия мен жұмыс жасауда. Оның ішінде 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 14-нің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерді ауданымызға тіркеп, кіріс көзін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер қойнаушыларды анықтау мақсатында 90 рет аралау жұмыстарын жүргізді және 4 рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102-сымтетігіне 32 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 83 ауыр жүк көліктері айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 3,8 млн теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресустарын басқару департаментіне 20 рет және экология департаментіне 20 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданған.

Өткен жылы Сауран ауданындағы өңдеу өнеркәсібінде 8,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру саласында 2 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 549,6 млн.теңге құрады. «Тұран» шаруа қожалығы сүт өнімдерін шығарады. «Яссы Құс» шаруа қожалығы жұмыртқа шығарады. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 5,4 млрд.теңгеге жеткізілді. Бүгінгі таңда «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС-не тиесілі кірпіш зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта өндіріс орнын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жиһаз өндіру саласында 25 өңдірістік цехтары болса, басым бөлігі үйіргелік жерлерде орналасқан. Өнім көлемі 752 млн. теңге. «Так Мебель» ЖШС, «DIVALUX» ЖШС, ЖК «Хабибулла Ата», ЖК «SEM-BRAND» үйіргелік жағдайда түрлі жиһаздар, жұмсақ креслолар, үстел орындық сынды тұрмыстық заттар жасайды. 12 айда ауданға 34,6 млрд.теңгеге инвестиция тартылды. Оның 21,2 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен атқарылды. Жоспар бойынша инвестиция көлемі 30,1 млрд.теңге болатын. 2024 жылы 32,4 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС — 400 гектар алаңда жеміс шырынын тікелей сығу өндірісін іске қоспақ. Жоба құны — 8,5 млрд.теңге болмақ. Ол арқылы 54 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мәселен, Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» — қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешені. Жоба құны — 500 млн.теңге. Өндірістік кешен іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылатын болады. Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» — отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі басталады. Жоба құны — 800 млн.теңге тұрады. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылмақ. Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» — тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүзеге асырылады. Жоба құны — 300 млн.теңге тұрады. Мұнда 10 адам жұмыс жасайтын болады. Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС — жұмсақ жиһаз өнеркәсібі. Жоба құны — 500 млн.теңге болады. Бұл кәсіпорын іске қосылғанда 50 жергілікті тұрғын жұмыс жасамақ. Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС — демалыс орны және қонақ үй құрылысын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны — 2,2 млрд.теңге. Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» — демалыс орны. Жоба құны — 350,0 млн.теңге. Демалыс орны ашылған кезде 35 адам жұмыспен қамтылады. Қаражон ауылынан ЖК «Ердәулет» — демалыс орны. Жоба құны — 350,0 млн.теңге тұрады. Демалыс орны арқылы 85 тұрғын жұмысқа кіріспек. Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС — жол бойындағы қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 424,0 млн.теңге тұрады. Жоба іске асқан кезде 20 адам жұмыс жасамақ. Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС — отбасылық демалыс орны. Жоба құны — 150,0 млн.теңге тұрады. Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС — 20 МВт күн электр станциясының құрылысы. Жоба құны — 8,0 млрд.теңге тұрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 101,9 МЛРД.ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.

Сауран ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан бұған мемлекет, үкімет, қаржылық ұйымдар мен әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі — 106,1% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге (108,3%), мал шаруашылығы – 30,5 млрд. теңгені (100,8%) құрады. Өткен жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды (104,6 %). Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты.

2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 14,5 млрд. теңгеге 9 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 7,9 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» ЖШС мақта майын өндіру цехы, жоба құны — 500 млн теңге тұрады. Ол арқылы он адам жұмыспен қамтылады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» ЖШС сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны — 2,3 млрд теңге тұрады. Ол арқылы 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» ЖШС 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын бастайды. Жоба құны — 578 млн теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 20 адам жұмыс табады. Жаңа Иқан ауылынан «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіруді көздеп отыр. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге тұрады. Бұл әдісті меңгерген 15 маман жұмыспен қамтылады. Жібек жолы ауылынан «JMJ Агро» ЖШС 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізгелі отыр. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 30 адам жұмыс жасамақ. Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» ЖШС мақта кластері жобасы, жоба құны — 1,5 млрд теңге тұрады. Жоба толық жүзеге асқан кезде 29 адам жұмыс жасайтын болады. Инвестордың негізгі мақсаты 4 кезеңнен тұрады. 2024 жылы — мақтаны қайта өңдеу зауытын салу, 2025 жылы — мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасы, 2026 жылы — мақта талшығынан жіп өндіру, 2027 жылы — мата шығару жобасын бастайтын болады. Бұл жоба өз кезегінде аудандағы мақташылардың өзекті мәселесін шешіп қана қоймай, мақтаны тереңдете өңдеудің алғашқы қарлығашы атанбақ.

Қазіргі таңда ауданда мал саны — 583 378 бас, құс саны — 174 187 басты құрады. Сол арқылы бүгінгі күнге 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» ЖШС-нің 2 жобасы басталады. Олар 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны — 2,1 млрд. теңге тұрады. Ол арқылы 35 адам жұмыспен қамтылатын болады. Екіншісі 1гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы басталады. Жоба құны — 400 млн. теңге тұрады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» ЖШС 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды бастайды. Жоба құны — 4,1 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асырылған жағдайдаа 100 адам жұмысқа қабылданады.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЕЛ ДӘУЛЕТІН ЕСЕЛЕЙДІ

Қазіргі таңда Сауран ауданының жастары «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуда. Бүгінге дейін «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 274 адам құжат тапсырды. Оның жалпы құны 1 494 млн. теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде, 191 жобаға 1267 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мал шаруашылығы бағытында – 165 жоба мақұлданды. Оның жалпы құны 1005 млн. теңгеге жеткізілді. Өсімдік шаруашылығы бойынша 9 жоба басталды. Оның жалпы құны — 54 млн. теңге болады. Балық шаруашылығы бойынша екі жоба басталды. Оның жалпы құны — 17 млн. теңге болады. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері бойынша құны — 124 млн. теңге тұратын бес жоба мақұлданды. Өз кәсібін ашуға құны 68 млн. теңге тұратын он жоба ұсынылды.

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған қанатқақты жобасы аясында облыстағы 16 ауданға Республикалық бюджеттен 11 млрд.теңге қаралған. Қанатқақты жоба болғандықтан, басында әр ауданнан екі ауылдық округке ғана берілетін болған. Соңғы уақытта тағы да екі ауылдық округін қосуға тапсырма беріліп, қазіргі таңда төрт ауылдық округ тұрғындарын негізгі алты бағыт бойынша қаржыландыру көзделіп отыр. Соған, біздің Сауран ауданымыздан аталған ауылдық округтердің мүмкіндігі жоғары болғандықтан таңдалып отыр. Ол Оранғай, Қарашық, Ескі Иқан және Майдантал ауылдық округтері. Бүгінгі күнге аудан бойынша 149 шаруа өзге облыстан 2918 мал сатып алды және 9 шаруа жылыжай салды. Шаруаларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жер аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша 29,5 мың гектар ортақ жайылымдарды қайтару жоспарланып, оның 32,5 мың гектары қайтарылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Биыл мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі үш инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі жобаны жүзеге асырмашы. Оның ішінде 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны — 2,1 млрд. теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 35 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Осы компания бір гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Жоба құны — 400 млн. теңге тұрады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны — 4,1 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 100 адам жұмыспен қамтылады.

Мақсат ТАҢҒАТАРОВ,

Сауран ауданының әкімі.