Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУДАНДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІМЕН МАҚТА ЕГІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: АУДАНДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІМЕН МАҚТА ЕГІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрғақшылық пен су тапшылығы мәселесін көтеріп, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасы бойынша арнайы делегация ҚХР-на іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген. Келісім негізінде Сауран ауданында жаңадан тамшылатып суару әдісімен мақта егу жұмыстары басталды.

Елімізде ауыл шаруашылығы саласында қолданылып жатқан озық технологияның бірі – тамшылатып суару. Соңғы жылдары Түркістан өңірінде жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалар қатары артып келеді.

Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі технология бойынша жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр. Әсіресе, жаңбырлатып суару әдісінің арқасында бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылуда. Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары енгізілген аудандар көбеюде. Бұл өз кезегінде су мен қоректік заттарды нақты беру арқылы өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жыл сайынғы өсімге инвестициялық субсидиялау ықпал етеді. Оның аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ су алу және беру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі.

Қазіргі таңда елімізде жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалар аз емес. Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі технология бойынша жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр.  Әсіресе, жаңбырлатып суару әдісінің  арқасында бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылып жатыр.Осыған орай,Сауран ауданының басшысы Мақсат Асылбекұлы егіндік алқапқа барып, арнайы бақылау жүргізді. Жүйнек ауылдық округіне қарасты 133 гектар жерге ЖК «Датқа» шаруа қожалығы мен Қытай Халық Республикасының «Чжунхорун» компаниясы бірлесіп су үнемдеу технологиясымен мақта егуде.

Айта кету керек, суармалы судың жетіспеушілігі проблемалы мәселе болып отыр. Сонымен қатар суды ысырап етуге жол берілмеу керек. Фермер үшін шешім – су үнемдейтін технологияларды енгізу болуы керек. Егер мұндай технологияларды енгізетін фермер үшін «оң шешім» инвестициялық субсидиялаудың жоғарылауы болса, онда «теріс шешім» суға жұмсалатын шығындар артады. Мысалы, қазіргі уақытта су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияны суару әдістеріне қарай саралау бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни субсидияларды бұрынғы деңгейде тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана алатын болады.

Серіктес компаниямен келісім шарт түзіліп, арнайы техникалар сатып алынған. Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құрал жабдықтар мен тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. Егіндік аймақта 5 дана тік дренажды ұңғымалар қазылып, электр бағаналары орнатылған. 133 гектарға мақта егілген соң, жер үсті шлангаларын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінде бірқатар шаруа қожалығы осы әдіске көшкен. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп: тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды. Есесіне мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді. Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады.  Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген шаруалардың қатары да күн санап көбейіп келеді.   Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады.  Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді. Алайда мамандар ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру керек дейді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, биыл Қазақстанда 1,58 млн га суармалы жер игеріледі. Оның ішінде 1,1 млн га немесе 74%-ы жер үсті тәсілімен суарылады, 227,3 мың га немесе 14,3%-ы, заманауи жаңбырлатып суару жабдықтары пайдаланылады, 97,9 мың га немесе 6,2%-ы тамшылатып суарылады.

Өткен айда Премьер-министр орынбасары Серік Жұманғарин Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде суару мәселесі бойынша кеңес өткізген болатын.

Онда Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация ми-нистрліктерінің, түрлі өңірлер мен аудан әкімдіктерінің, АӨК саласындағы қаржы институт¬тарының, инвестициялық жоба¬лардың басшылары, фермерлер мен отандық техника мен суару жүйелерін өндірушілер бас қосып, өз өңірлерінде тиімді суару жобаларын енгізу кезіндегі перспективаларды, мүмкіндіктер мен қиындықтарды талқылады. Серік Жұманғарин қазіргі басты міндет жеңілдетілген несие алатын ирригациялық жобаларды таңдау тәсілін анықтау екенін айтты.

Осы орайда тамшылатып суару және жаңбырлату технологиясын дамытуға отандық өндірушілер қандай үлес қосып отыр деген сұрақ туындайды. Жалпы, суару жүйесіне арналған құрал-жабдық өндіретін қандай компанияларды білеміз? Вице-премьер отандық кәсіпорындарды атап, оларға мүмкіндігін арттыру керегін айтты.

«Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауында мемлекет пен бизнес арасындағы табысты әріптестіктің бұл үлгісін атап өтіп, негізгі азық-түлік өнімдері бойынша елдің импортқа тәуелділігін төмендету үшін оны ауыл шаруашылығының басқа салаларында қолдануға тапсырма берді. Биыл Үлкен жоба бойынша көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын салу мен суару, мал шаруашылығы жобаларын іске асыруға 100 млрд теңге көлемінде қаржыландырудың екінші траншы бөлінді. Бүгін біз кеңеске жұмыс істеп тұрған және әлеуетті отандық суару жүйелеріне арналған жабдықтарды өндірушілерді, суару жобалары бойынша тәжірибесі бар фермерлерді шақырдық. Жаңбырлату техникасы мен тамшылатып суару жүйелерін таңдау кезінде отандық өндірушілерге артықшылық беру қажет. Бізде Metzer Kazakhstan, BNK irrigation, Samal commodities, «Келет» АҚ сынды табысты кәсіпорындар бар», — деді Серік Жұманғарин. 

Осы орайда вице-премьер министр атап өткен Metzer Kazakhstan кәсіпорнына тоқтала кетейік. Metzer group тамшылатып суару жүйесіне қажет құрал-жабдықтар шығарады. Кәсіпорн Қазақстанда METZER Kazakhstan халықаралық брендін қалыптастырған. Тамшылатып суару жүйесі бойынша Израильдегі ең үздік өндірушінің бірі саналатын кәсіпорын нарықта 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

Metzer Kazakhstan 2014 жылдан бері Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарығында қызмет етіп, ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселені шешуге атсалысып келеді. Мәселен, Metzer Kazakhstan кәсіпорны шығарған тамшылатып суару технологиялары кез келген дақылға, топырақ түріне, су сапасы мен климатқа арналған. Құрал-жабдықтар Израиль, Италия, АҚШ, Португалия елдерінде шығарылады. Кәсіпорынның суару технологияларына сұраныс жақсы. Айта кетерлігі, компания көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Кәсіпорын мамандары тұтынушының ұсынысын қабылдаған соң алдымен егістікке барып, шолу жасайды. Аумақты өлшеп, су алатын жерді белгілейді. Шығынды, қажет материалдарды есептеп, ары қарай суару жұмысын бастайды. Кәсіпорын мамандары тамшылатып суару технологиясының пайдасы зор екенін айтады. Бұл әдіс судың ысырап болмай, қажет жерге баруына, егінді ерте жинауға, мол өнім алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар топырақ эрозиясының алдын алып, арамшөптің көп таралуына жол бермейді. 

Орайы келгенде мақта өнеркәсібінің даму жолын ұсынып отырмыз.
Елiмiздiң оңтүстiгiнде суармалы егiншiлiк ертеден қолға алынып, соның iшiнде мақта шаруашылығы өңiрдiң бiр миллионға жуық халқының бiрден-бiр күнкөрiс көзi болып келедi. Мақта саласын тоқыма және тігін өнеркәсібімен толыққанды дамыту үшін жергілікті тұқым шаруашылығын дамытуға күш салынған. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын қамтамасыз етеді. Тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады. Мақта шаруашылығы саласының проблемалық мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелік ресурстар және т.б.) саланы қолдау үшін шаралар қабылдануда.

Мақта – техникалық дақыл ретiнде қоршаған ортаға, ауа райына, топырақтың құнарлылығына, әсiресе күн көзi мен ағын суға талғамы жоғары дақыл.

Мақаламыздың соңында мақта саласына байланысты аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта — сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі. Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы — қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.
Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Мақта өнеркәсібі біздің аймақтың экономикасының негізгі салаларының бірі. бүгінде мақта өсіру жақсы қолға алынған. Алайда шикізат өндірілгенмен мақтаны ары қарай өндеу, мата жасау, кәсіпорындар құру, жалпы жеңіл өнеркәсіп мәселесі кенжелеп тұр. Бұл мәселелердің легі жергілікті кәсіпкерді де алаңдатады. Өсiрiп баптау – вегетация кезеңiнде мақта талабына сай агротехникалық iс-шаралар өз уақытында және сапалы жүргiзiлсе, өнiмдiлiктi әр гектардан 40-50 центнерге дейiн жеткiзуге болады.

Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады. Шиттi мақта – халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсiбi, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшiн қажеттi шикiзат.

Шиттi мақтадан және қозаның вегетациялық өсiп-жетiлу барысындағы бөлiгiнен мынадай заттар жасап шығарылады: мақта-мата кездемелерi, жiптер, жасанды жiбек және терi, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тыңайтқыштар мен өсiмдiктi қорғау дәрi-дәрмектерi, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар. 1 келi мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шыт немесе 20 метр бәтес, 1 келi шиттен 180-200 грамм май, 450 грамм күнжара, 360 грамм шит қабығы алынады. Ал, шиттен пластмасса, кино және фото пленкалары, линолеум, лак жасалады. 1 тонна шит қабығы 85 литр спирт, 300 келi құрылыс тақталарын, 28 келi көмiр қышқылын, 20 келi сiрке қышқылын бередi. Мақтаның қозапаясынан эпоксид араластырып, ыстық тәсiлмен сығымдау арқылы тақта материалдарын (ДСП) алуға болады. Оларды құрылысқа және үй жиїаздарын жасауға пайдаланады. Әлемде жүзге жуық мемлекет мақта өсiредi, олар негiзiнен субтропикалық және тропикалық климаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан Республикасы мақта өндiруде жер шарындағы солтүстiк нүктеде орналасқан. Сондықтан бiздiң елiмiздегi мақта шаруашылығында бiрқатар ерекшелiктер бар. Атап айтар болсақ, кейбiр жылдары мақта пiсiп үлгеру үшiн күн көзiнiң жылуы жетiспейдi, сондықтан мақтаны дефолианттар жәрдемiмен жетiлдiруге тура келедi. Өңiрде орта талшықты мақтаны өсiрiп баптауды үйренген фермерлер жоғары сапалы өнiм өндiредi.

Мақаламыздың соңында облыс тұрғындарының назарына тамшылатып суарудың тиімділігі жайлы аз-кем мәлімет ұсынып отырмыз. Су өмірдің нәрі екенін ескерсек, тіршілік көзін үнемдеуді де қолға алған дұрыс. Ол ауызсудан бөлек, ауыл шаруашылыққа да қатысты. Егін мен бақшаны атам заманнан келе жатқан әдіспен суғару ескірген. Суды үнемдеу үшін тамшылатып немесе жаңбырлатып суғару әдісіне көшкен жөн. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Жаңбырлатып (тамшылатып) суғару әдісін әрі осы әдістің құрал жабдықтарына сатып алуға мемлекеттің көмегі қандай екенін түсіндіруге арнайы жиын өткен.

— Жаңбырлатып (тамшылатып) суғару жүйесі өте тиімді. Болашақта суғару жүйесінің тиімділігі мен пайдасын, мемлекеттен суғару жүйесін сатып алуға субсидияны қалай  алуға болатындығы туралы түсіндірме жұмысын барлық ауылдық округтерде жүргізетін боламыз – дейді ұшан-теңіз пайдасын көріп жатқан шаруалар.

Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. «Судың да сұрауы бар» демекші аз су жұмсап мол өнім алу болашаққа да сенімділікті арттырады.

Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады. Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді.