2024 жылғы 8 қаңтарда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысты осы комиссия төрағасының орынбасары Ж.Сүлейменов жүргізіп отырды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық білім, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан Түркістан облысындағы 8 мектептің құрылысын қаржыландыру туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғ.Жұмашев баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында 2024-2026 жылдары облыста 6512 оқушы орын тапшылығын, апат алдындағы, үш ауысымды мектептердің мәселесін жою және ғимараты ыңғайластырылған мектептердің орнына 23 мектептің құрылысын салу қажет ететіндігін айтып өтті.
Басқарма басшысы бүгінде 23 мектептің ішінде 8 мектептің (Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы, Ордабасы, Жетісай, Түлкібас, Төлеби, Сауран аудандарындағы)жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан ҚР Оқу-ағарту министрлігіне мектеп құрылыстарын салу ұсынылғанын жеткізді. Сондай-ақ, қалған 15 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы 2024-2025 жылдары әзірленетінін айтты.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 17.02.2023 жылғы №38 бұйрығының 2-тарау, 6 тармақ 5 тармақшасына сәйкес комиссия отырысының оң қорытындысы мектептердің құрылысын білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен жүргізуге негіз болатындығын түсіндірді.
Депутаттар аталған мәселені жан-жақты талқылап, бірауыздан қолдады.