Домой Әлеумет «АУЫЛ АМАНАТЫ»: МАЙДАНТАЛДЫҚТАР МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН ТАБЫСЫН АРТТЫРУДА

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: МАЙДАНТАЛДЫҚТАР МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН ТАБЫСЫН АРТТЫРУДА

Майдантал Түркістан облысы Сауран ауданынан ең шалғай Қаратаудың бөктерінде орналасқан малға жайлы, жері шұрайлы, халқы жігерлі елді мекен. Майдантал ауылдық округі Ынталы, Қаражон, Егізқара деп аталатын үш елді мекеннен құралған. Бұл жердің Майдантал аталған себебі Ұлы Отан соғысына аттанған әрбір жауынгер тау бөктеріне тал орнатуды дәстүрге айналдырған. Бұл дәстүр әлі күнге жалғасып келеді. Көктемде, күзде ауылдастар Асар әдісімен тал –шыбықтар отырғызады.

Қазіргі таңда Ынталыда 2317 адам, Қаражонда 930 адам, Егізқарада 59 адам тұрады. Егер де тұрғындарға жеке үй салып алуға жер беріле бастаса, елдегі қарт ата-анасына алаңдап үлкен мегаполистерде жұмыс істеп жүрген жастар көп. Әсіресе, Алматыда қайта-қайта жер тербелісі болғалы көктем келсе, ауылына оралуды мақсат етіп отырғандары да бар. Бүгінгі күні бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу қажеттігі байқалып отыр. Майдантал ауылдық округі бойынша 256 азамат жеке үй салып алу үшін жер кезегінде тұр. Жастарды жұмысқа тарту негізінде жастар практикасымен 9 жас маман Әйтеке би жалпы орта мектебінде және Майдантал ауылдық емханасында 1 жас маман, Майдантал ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде 1 жас маман жұмыс атқаруда.

«АУЫЛ АМАНАТЫН» АЛПЫС АДАМ АТҚАРАДЫ

2022 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 19,09 %, қой ешкі 8,87 % , жылқы 4,24 % , түйе 69,68 % азайып, құс 1,18 % пайызға көбейген. 2023 жылы мал басының азаюы себебі «ИС Жангир» ЖШС-нің атында тіркелген мал басының Жібек жолы ауылдық округіне тіркелгендігінен болып отыр.

Майдантал ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Ынталы, Қаражон және Егізқара елді мекендерінен несие алуға 40 тұрғыннан өтініш түсті. Оның ішінде 33 өтінім «Ырыс» мекемесіне өткізілді. Ауылдық округте «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативі құрылып, 27,600 млн.т несие мақұлданып, құрамындағы 22 мүшелері бағдарлама аясында несиеге қол жеткізді. Жалпы құны 145 350 000 мың теңге қаржы алынды. Қазіргі таңда өз кәсіптерін бастап. Мәселен, «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативі Қытай елінде шығарылған ҮТО-LX954 тракторы және МТЗ-Казакстан ЖШС шығарған Беларус 920 тракторын қосалқы жабдықтармен алып бүгінгі күнде жұмыс жүргізуде.

2023 жылы Ынталы елді мекенінде «Нұр» кіші маркет сауда орталығы ісін бастап, қазіргі таңда жұмыс жасауда.

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ ӘЛДЕНУДЕ

Қазіргі маңда Майдантал ауылдық округінде «балық берме, қармақ бер» тәмсілі бойынша халықты барынша жұмыспен қамтудың жолдары қарастырылуда. Өткен жылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2022 жылы 19 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 2023 жылы 15 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ауыл округі бойынша 2022 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар 4 отбасыға қысқарды. Себебі, 2 отбасының табысы кедейлік шегінен асып, екі отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алып өз кәсібін жүргізуде.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 2023 жылы 50 азамат жұмыспен қамтылып, Ынталы және Қаражон елді мекендерінде көше тазалау жұмыстарын атқарды. Демеушілік есебінен 10 отбасыға азық-түлік беріліп, 6 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді.

Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі оқушыларына «Жалпыға міндетті білім қоры» тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 56 отбасының мектеп жасындағы 62 балаға құрал жабдықтары және мектеп формасы берілді. Мектеп мұғалімдері демеушілігімен жағдайы төмен отбасылардың балаларына 11 балаға оқу құрал жабдықтарына көмек көрсетілді. Ауыл кәсіпкерлері демеушілігімен 34 балаға мектеп формасы берілді.

Қаражон жинақталған шағын жалпы орта мектебі оқушыларына «Жалпыға міндетті білім қоры» тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының мектеп жасындағы балаларына жалпы саны 25 оқушыға оқу құрал жабдықтары және мектеп формасы берілді. Сонымен қатар толық емес отбасы, яғни жартылай жетім 8 балаға демеушілер есебінен мектеп формасы мен оқу құрал жабдықтары берілді. Мектеп мұғалімдері демеушілігімен 10 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді.

АУЫЛДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ АРМАНДАРДЫ АЛҒА АПАРАДЫ

Соңғы жылдары Майдантал ауылдық округіне қарасты үш ауылда да абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Мәселен, Ынталы елді мекені Жангелдин көшесіне жарықтандыру жұмыстарына 18, 872 млн. теңгеге ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталып, жарық бағаналары орнатылды. Ынталы-Егізқара елді мекені аралығында бес шақырымдық автожолына орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстарына мердігер анықталып, 19, 540 млн.т тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Қаражон елді мекені орталығына қосалқы құ-рылғыларымен бір дана қуаттылығы 160 кВА трансформатор орнату және Ынталы елді мекені орталы-ғына қосалқы құрылғыларымен бір дана қуаттылығы 160 кВА транс-форматор орнату жұмыстарына сме-талық құны 22 млн.теңге болатын тарансформаторлар қойылды.

Ынталы елді мекені жоғарғы бөлігіне су мұнарасына су құбырын жүргізу жобасының сметалық құны 21000,0 мың теңгеге түсті. Оған мердігер анықталып, 170 тұрғын үй ауыз сумен толық қамтамасыз етуге аталған аймақтағы су мұнарасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қаражон және Ынталы елді мекендеріндегі Құсшы ата, Ақсарай, Қазыбек би және Қонаев көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы Майдантал ауылдық округіне қарасты, Ынталы елді мекенінен 600 орындық балаларға арналған «Жайлы мектеп» жобасы бойынша құрылысы басталады. Ынталы елді мекеніндегі Б.Момышұлы, І. Жансүгіров, Т. Рысқұлов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары бойынша асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қаражон елді мекеніндегі Төрткүл, Ақсай, Құсшы ата, Ақсарай көше-леріне орташа жөндеу бойынша асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізіледі. Ынталы-Егізқара елді мекеніне 6 шақырым автожолына орташа жөндеу бойынша тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.

САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ҚАЛУЫ ТИІС

Жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық түсімдерді барынша қатаң қадағалау қажеттігін қадап айтты.

– Ауыл шаруашылығының дамуын тежеп тұрған кедергілерді бәріміз білеміз. Басты түйткіл – жылдар бойы қажетті қаржының жеткілікті бөлінбеуі. Инвестицияның тапшылығы техниканың тозуына, егіннің бітік және еңбектің өнімді болмауына әкеп соқтырады. Сондықтан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны барынша, тіпті, мүмкіндік болса, екі есе арттыру қажет. Оған бюджеттен ғана емес, басқа да қаржы көздерінен, соның ішінде екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартқан жөн. Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру керек. Ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Жеңілдікпен лизинг беруге жыл сайын кемінде 450 миллиард теңге бөлінуге тиіс. Сонда әр жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасының 10 пайызы жаңарып отырады. Бұл шаралар ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2 есе арттыруға жол ашады, – деді Мемлекет басшысы.

Майдантал ауылы әкімі аппаратына 2023 жылдың 12 айында барлық шығындарын өтеуге 95 млн 015 мың теңгеге қаржыландыры-лып, барлық қаржы кезеңімен толық игерілді.

2023 жылдың 12 айында мүлік салығы 340800 теңге, жер салығы 209200 теңге, көлік салығы 4149700 теңгеге орындалды.Ауылдық округі бойынша тұрғын үй жерлерінің нормадан артық жер телімдерімен кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін сатып алу бойынша 4541540 теңге қаржы түсті.

Мемлекет басшысының бірқатар салықтық түсімдер жергілікті жерде қалып, елді-мекендердің инфрақұрылымын дамытуға жұмсау туралы пікірімен келісемін.

ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА ОН МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Майдантал ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 73258,47 гектарды құрайды. Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері – 53630,39 гектар. оның ішінде, егістік жер көлемі 3368,84 гектар, оның 2290,64 гектары суармалы егістік жер болып табылады. Жайылымдық жер аумағы 49669,80 гектар болса, оның ішінде 6060 гектары елді мекенге ортақ мал жайылым жерлері.

Қазіргі таңда 10000 гектар жер теліміне ортақ жайылымға алу бойынша қаулысы шыққан. Мемлекетттік акт алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек округтегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жайылымдық жерлерді ортақ жайылымға қайтару үшін ауыл қауымдастық мүшелерінің жиынындағы ұсынысы бойынша жалпы көлемі 3802 гектар болатын жайылым жер бойынша аудандық жер қатынастары бөліміне ұсынылып, аудан әкімінің қаулысы шыққан және қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Округтегі су қорының жері 560 гектар, орман қорының жерлері – 10015,90 гектар болса ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері – 20,5 гектарды құрайды. Өткен жылы жоспар бойынша 1470 гектар жерге ауылшаруашы-лық дақылдарын егу жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында көктемгі далалық жұ-мыстарына 135 тонна жеңілдетілген жанар жағармайды шаруа қожалық-тары төменгі бағамен сатып алды.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ИГЕРУГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ИКЕМДІ

Жасыратыны жоқ Майдантал Сауран ауданы орталығынан шалғайда орналасқандықтан инфрақұрылымын бірден дамытып әкетуге мүмкіндіктеріміз шектелу болып отыр. Кеше ғана Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық еткен Мемлекет басшысы барлық құрылымдарға нақты тапсырма беріп, инвестициялық штаб құрылғандығын жариялады.

– Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек. Мекеме басшыларының шетелге жасаған әрбір іссапары нақты нәтиже беруге тиіс. Сапар қорытындысы бойынша Үкімет басшылығына, қажет болған жағдайда Президентке есеп берілуі керек. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер, әсіресе, аймақтарда жиі болып тұрады. Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады. Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек, – деді Президент.

Осыған байланысты біздің Майдантал ауылдық округі бойынша да шешімін күткен өзекті мәселелер баршылық. Оның ішінде Қаражон елді мекенінде интернет оптикалық интернет желісін орнату қажет. Майдантал ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс интернет желісін жақсарту қажеттігі байқалып отыр. Майдантал ауылдық округінің орталығы Ынталы елді мекенімен Қаражон елді мекені арасындағы жеті шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Майдантал ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне таудан келетін жер асты транзитке су құятын 5 шақырымды құрайтын тас арықты күрделі жөндеуден өткізу мүмкіндігі болмай тұр. Ауыл шаруашылығы егіс алқабына баратын жалпы ұзындығы 12 шақырым тасарықты күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі байқалып отыр.

Майдантал ауылдық округі әкімдігі ішкі инвестиция тарту есебінен «Сапа СПК» кооперативі арқылы жоба құны 80 млн.теңге тұратын балық шаруашылығын ашу жұмыстарын бастады. Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралы бойынан жанар-жағармай құю бекеті мен қонақ үй құрылысын жүргізуге 200 млн.теңге тартылды. Жалпы құны 50 миллион теңге тұратын мал бордақылау алаңы ашу жұмысы басталды. Ынталы елді мекенінен «Тау самалы» демалыс орнын ашуға 30 миллион теңге жұмсалмақ.

Соңғы үш жылда Сауран ауданының мәртебесін алуы осындағы он екі ауылдық округтер мен ондағы отыздан астам елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берді. Атқарылған істер аз емес, алайда алдымызда бұдан да биік белестер тұр. Елдің ынтымағы мен береке-бірлігі жарасса алынбайтын асу жоқ.

Жандос ДОСБОЛОВ.