Домой Әлеумет САНАЛЫ АДАМНЫҢ САЙЛАУҒА БАРУЫ – АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ

САНАЛЫ АДАМНЫҢ САЙЛАУҒА БАРУЫ – АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ

Биылғы басты саяси жаңалық — ел Президентін сайлау. Халық өз таңдауын жасайды. Мұндай еліміздің ертеңі үшін маңызды оқиғадан тыс қалу – азаматқа сын деп білемін. Сондықтан мемлекетіміздің өркендей түсіп, геосаяси ахуалы ушыққан кезде уақытылы таңдау жасап, жұдырықтай жұмылып, алға қарай қадам басуымыз керек.

Қазір мемлекетіміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік жағдайы тұрақты, экономикасы даму үстінде. Сондықтан ертеңгі күнімізге үлкен сеніммен және зор үмітпен қараймын. Көпэтносты Қазақстанда бейбіт өмір сақталсын, тәуелсіздігіміз баянды, мәңгілік болсын десек, Президент сайлауына бәріміз бір адамдай, ұйымшылдықпен белсенді қатысайық.

Менің дауысым ешнәрсе шешпейді деген немқұрайлылықтан арылуымыз қажет. Сайлау науқанында Қазақстан Республикасының әр азаматының дауысы аса зор маңызға ие! Бір шешім арқылы біз өз болашағымызды өзгерте аламыз. Сайлауға барып дауыс бер де, болашағыңның бір кірпішін қала! Қалыс қалма!

Бибіхан ЖӘНІБЕКОВА,
Ардагер ұстаз