Домой Басты жаңалықтар РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАЗАҚТАНУ» ЛЕКТОРИЙ ШАРАСЫ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАЗАҚТАНУ» ЛЕКТОРИЙ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы  Кентау қалалалық көпсалалы колледжінде Республикалық «Қазақтану» лекторий шарасы өтті.  Шараға қала әкімінің орынбасары Самат Расұл, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Дінді зерттеу орталықтарының ассоциациясы» ЗТБ сарапшы-исламтанушы, Нұр-Сұлтан қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шерзод Пулатов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, ЖОО үздік оқытушысы Жазира Исаева және Кентау көпсалалы колледжінің директоры Оразгүл Бегісбаева және де колледж студенттері қатысты. Жиын барысында «Медиация: теория және тәжірибе» тақырыбында Шерзод Пулатов медиация жайында кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ Жазира Исаева «Жарнама мәтінінде ұлт мәдениетінің көрініс беруі» тақырыбының маңыздылығы жайында студенттерге тарқатып айта кетті. Шара соңында Шерзод Аббазович «Елбасы және Халқы» атты кітабін колледж кітапханасына тарту етті. Құрметті қонақтарға қала әкімінің орынбасары Самат Расұл ретінде Кентау қаласының құрылу тарихынан сыр шертетін «Ащысайтүстіметалл комбинаты» кітабын табыс етті. Сонымен қатар қаланың құрметті ақсақал қариялары студенттерге оқуда озат болып, колледжді үздік бітіруіне тілектес екендіктерін жеткізді. Жиын соңы естелік суретке түсумен жалғасты.