Бүгін ҚР Президенті алғашқы Халыққа Жолдауын жариялады.
Жолдауды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы ұжымы да бірлесе тыңдап, белсенді талқылады.
Жолдауда мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды мәселелер мен жаңа жобалар ұсынылды.
Мәселен, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25% — ға қысқартып, Митингілер үшін арнайы орындар бөлінеді. Қазақ халқына мемлекет құраушы ұлт мәртебесі бекітіледі. Мемлекеттік тіл этносаралық қарым-қатынас тілі болуы тиіс. Зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және браконьерлік үшін жаза күшейтіледі. Полицияда фронт-кеңселер құрылады, қызметкерлердің жалақысы артып, Мемлекеттік компаниялардың саны қысқартылады. Теміржол билеттерінің жасанды тапшылығы, авиа ұшулардың қымбат болуы және әуежайларда қызмет көрсету: осы салаларда тәртіп орнату тапсырылды. Жаңадан құрылған микро және шағын бизнес салықтардан 3 жылға босатылады. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы аумақтары шығарылады. Ауылдарды дамыту үшін 3 жылға қосымша 90 млрд. теңге бөлінеді. Түлектерді жұмыспен қамтымайтын ЖОО саны қысқарады. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы келесі жылдан бастап өседі. 2023 жылға дейін жұмыс берушінің қосымша 5% аударымдарын төлеу мәселесі кейінге қалдырылады. 2022 жылдан бастап Ұлттық қордан трансферді 2 трлн-ға дейін қысқарту керек»- деп атап өтті.
Сондай-ақ, Жолдауда «Nur Otan» партиясы көшбасшы партия, үлгі болуы тиіс екені және серіктес партиялардың көбеюі қажет екені аталып өтті.
Алдағы уақытта, партия өз тарапынан қоғамның маңызды мәселелерін шешуде белсене атсалысып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешуде аянбай еңбек етпек.