Домой Әлеумет ҮНДЕУДІ ҚОЛДАУ-БАСТЫ МІНДЕТ

ҮНДЕУДІ ҚОЛДАУ-БАСТЫ МІНДЕТ

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 8 шілде күнгі телевизиялық Үндеуі күллі қазақстандықтардың қызу қолдауына ие болды. Елімізде 5 шілдеден енгізілген карантин талаптарын орындауымыз қажет. Ол үшін әрбір отабасы ұл-қыздарымыздың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтап, екі апта көлемінде пандемиямен күресуге өз үлесімізді қосу әрбір ата-ананың парызы деп білемін. Сонымен қатар пандемияға қарсы шараларды баяндаған Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты қоғамдағы теріс пиғылды топтардың жалған ақпараттарына сенбеуге шақырды. Бұл бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 174 бабымен жауапкершілік пен тәртіптік жаза қаралғандығын баса айтты. Заңды құрметтеген, Жеті жарғыны Ту еткен халықпыз, заңбұзушылықтан бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн. Дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттату мәселесі де Мемлекет Басшысының назарында. Ол бойынша құқық қорғау органдарына берген тапсырмасына сәйкес, дәрі-дәрмектің заңсыз жолмен келуі, негізсіз қымбаттауына тосқауыл қойылуда. Пандемиямен күресу тек мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, халық тарапынан да күресуді күшейтуіміз қажет. Баршаңызды ел қауіпсіздігі мен ұрпақ амандығы үшін жариялаған Президентіміз Қ.Тоқаевтың Үндеуін қолдауға және оны әрбіріміз іске асыруға шақырамын.

Құрметпен, Төлегенова Салтанат