Домой Әлеумет «ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ»

«ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ»

Талай шаңырақты шайқалтып, мыңдаған адамды қыршынынан қиған, Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл — 32 жыл. Осыған орай, бүгін соғыс ардагерлер аллеясындағы жауынгер-интернационалистердің ескерткішіне аудан әкімі мен ауған соғысының ардагерлері және зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойып, зұлмат соғыста бақилық болғандарды 1 минуттік үнсіздікпен еске алды.Адамзат баласы үшін соғыс қаралы ұғым. Өйткені, қасіреті мен тауқыметі аяққа нық тұрған елдердің өзін есеңгіретіп жібереді. 10 жыл 238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі сұрапыл соғысқа, Түлкібас ауданынан 72 жауынгер аттанып, 10 азамат құпия соғыста мәңгілікке көз жұмды. 15 ақпан кеңес әскерінің ұрыс даласынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай әр жауынгердің отбасына 40 айлық есептік көрсеткішті құрайтын материалдық көмек берілді.