Домой Әлеумет БЛОК-БЕКЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР БЕРІЛДІ

БЛОК-БЕКЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР БЕРІЛДІ

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті және Түркістан қалалық басқарма мамандары тарапынан Түркістан қаласында орналасқан блок-бекеттердің санитариялық жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

📌 Қазіргі таңда «Қызылорда-Түркістан» бағытындағы блок бекетіне күндізгі ауысымда 5 медицина қызметкері және 3 полиция қызметкері, «Балтакөл-Түркістан» блок бекетіне 3 медицина және 3 полиция қызметкері, «Құмтиін-Түркістан» блок бекетіне 2 медицина және 3 полиция қызметкері, «Кентау-Түркістан» бағытында орналасқан блок бекетіне 2 медицина және 3 полиция қызметкері, «Ынтымақ–Түркістан» бағытындағы блок бекетіне 2 медицина және 5 полиция қызметкері, «Шәуілдір-Түркістан» бағытындағы блок бекетіне 2 медицина және 3 полиция қызметкері, «Бірлік-Түркістан» бағытындағы блок бекетіне 2 медицина және 3 полиция қызметкері жұмылдырылған.

📌 Жұмысшы топтың саралау нәтижесінде Түркістан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан Түркістан қаласының әкіміне арнайы хат жолданып, кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

📌 Қарау барысында, блок бекеттерде су қоры мен қол терісін өңдеуге арналған антисептик жеткіліксіздігі, қорғаныш құралдарының (маска, қолғаптар мен арнайы киім) жеткіліксіздігі анықталды. Күнделікті залалсыздандыру жұмыстары да күшейтуді қажет етеді.

Түркістан

stopCovid