Домой Әлеумет БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ — АДАЛДЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ БОЛУЫ ТИІС

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ — АДАЛДЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ БОЛУЫ ТИІС

 
      Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қалалық Адами капиталды дамыту бөлімінде мектеп директорларының қатысуымен ZOOM  қосымшасы арқылы «Білім саласының басты ұстанымы — адалдық пен парасаттылық» тақырыбы аясында келелі басқосу болып өтті.

      Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оны анықтау бойынша басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, адалдық пен ашықтық құндылықтарын дәріптеу.
 
      Қалалық адами капиталды дамыту бөліміне қарасты мектеп басшыларымен өткен онлайн кездесуде оқу жылында атқарылған негізгі жұмыстар, соның ішінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы сөз болып, білім беру саласындағы түйткілді мәселелер ортаға салынды.

Ең алдымен, басқосуға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Ақтөре Талғатұлы тестілеу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу негіздерін сөз етіп, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Департамент жанынан құрылған арнайы мобилді топ тестілеу кезінде бақылау шараларын едәуір күшейте отырып, тестілеу кезінде заңмен тыйым салынған заттарды қолданбау және алаяқтардың арбауына түспеу қажеттігін жіті түсіндірді.                           
     
Кездесуде сөз алған бөлім басшысы Ақмарал Үсенқызы саладағы жұмыстарды кеңінен баяндап, облыс орталығында мектеп бітірген жалпы саны 1507 жас түлектің 1150 талапкері ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатынын
тілге тиек етті.
                    
       Айта кетсек, биылғы жылдан бастап тестілеуге қатысатын түлектерден қосымша құралдар (байланыс құралдары және т.б. пайдалануға тыйым салынған заттар) табылған жағдайда, жас талапкер 1 жыл бойы тестілеуге қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Бұл бастама жастардың өз адал білімін сарапқа салуына және білім деңгейлерін ашық көрсетіп, парасатты болмыс қалыптастыруларына негіз болмақ.