Домой Әлеумет БАТЫР АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ ДЕ ДАУЫС БЕРДІ

БАТЫР АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ ДЕ ДАУЫС БЕРДІ

Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі Жеті қазына елді мекенінің тұрғыны, ұлт азаттық көтерілісінің сардары, батыр Амангелді Имановтың немересі Рысбай Рахымбаев та өз таңдауын жасап, дауыс берді.1951 жылы туылған Рысбай Рахымбаевтың кіндігінен тараған 10 перзенті мен 50-ге тарта немересі бүгінде аталмыш ауылда үлкен әулетке айналып отыр. Кезектен тыс өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында да белсенді. Бәрі де елдің жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасаған. Учаскелік комиссия батырдың ұрпағына құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.“Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Кейбір елдердегідей оқтың үні естіліп жатқан жоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие” дейді батырдың немересі.Шағын ғана елді мекенде орналасқан №240 сайлау учаскесінде 778 сайлаушы болса, оның 4-і бірінші рет дауыс беретіндер.