Домой Басты жаңалықтар БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ 8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАЯНДАДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ 8 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАЯНДАДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Шәкір Тәліпов пен Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сапарғали Жантөреев 2019 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Брифинг барысында Шәкір Шағырбайұлы басқармамен соңғы 8 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндап, БАҚ өкілдерінің назарына статистикалық мәліметтер ұсынды.
Сондай-ақ, пара алу барысында ұсталған бірқатар лауазымды тұлғаларды атап өтіп, оларға қатысты қозғалған қылмыстық істердің айыптау актісімен сотқа жолданғанын және бүгінгі күні сот үкімдері шыққанын жеткізді.
Баспасөз жиынында сөз алған Сапарғали Жантөреев Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының жедел-тергеу бағытында атқарылған жұмыстарға кеңірек тоқталып, 8 ай көлемінде келіп түскен 374 арыз-шағымның 44-і басқарманың сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне (ЕРДР) тіркелгенін атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес, уәкілетті органдарға — 90 арыз жолданып, қылмыстық іске – 63 арыз біріктірілгенін тілге тиек етті.
Баспасөз конференциясында еліміздің қуатты мемлекеттер қатарына қосылуы үшін жең ұшына жалғасқан жемқорлықтан құтылу керектігі және бұл індетті жою үшін қоғамда азаматтық белсенділіктің жоғары болуы тиіс екендігі кең көлемде атап өтілді.
Брифинг соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және онымен қарқынды күресуде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды.