Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің есепті жиынында қоғам арасында біраз шу шығарып жатқан мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, Жыл басында жыл басында баланы 1 сыныпқа қабылдау 6 жастан бастап жүргізу туралы ведомоство тарапынан норма енгізіліп, егер ата-аналар балаларын алты жасында мектепке бермейтін болса, оған қарсы айыппұл салынатындығы да айтылған болатын. Алайда, бұл қадамға қарсы болған көпшілік пікірі арта түскен-тін.
Министрдің айтуынша енді баласын 6 жастан мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салынбайды.