Домой Басты жаңалықтар АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында құрылған «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осыған орай, бүгін аталмыш жобалық кеңсенің қызметкерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері және  облыстық көліктік бақылау инспекциясының мамандары  бірлесіп, облысқа қарасты  Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас  аудандарындағы инертті материалдар өндіретін карьерлерге жақын аумақта орналасқан тас жолдардың бойында  рейдтік тексеріс жұмыстарын жүргізді.   

Мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты — ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және карьерлерден заңсыз инертті материалдарды тасымалдау тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Рейдтік шара барысында Төлеби ауданының жол торабында ауыр жүк тиеген көліктің салмағы белгіленген мөлшерден асып кеткендігі және құжаттарының заңға сәйкес келмейтіндігі анықталып, 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ,  Түлкібас ауданындағы Ресей мен Қырғызстан  бағытында қатынайтын республикалық маңызы бар жолда жүк көлігінің құжаты заңнамалық құжаттарға сай болмауына байланысты көлік иесіне  6 313 теңге және  Қытай мен Өзбекстан бағытында қатынайтын көліктің жүк тасымалдау сертификаты дұрыс болмауына сәйкес,  12 625 теңге көлемінде хаттама толтырылды.  

Қазығұрт ауданының жолдарына жүргізілген рейдтік шаралар барысында  ауыр жүк көлігінің тауар тасымалдау құжатының жоқ екендігі анықталып,  көлік жүргізушісіне 25 мың теңге  көлемінде айыппұл салынды.  

Алдағы уақытта  жол сапасына жүргізілетін арнайы рейдтік шаралар Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалаларда жүргізіліп, аталмыш жобалық кеңсе аясында  жолдардың тез бүлінуіне әкеліп соғатын заңбұзушылықтармен қарқынды күрес жүргізілетін болады.