Домой Басты жаңалықтар АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ШТАБТЫҢ ЖҰМЫСЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ШТАБТЫҢ ЖҰМЫСЫ

Арыс қаласындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою бойынша құрылған облыстық штабтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан қаласына 9-аумақ бекітіліп, тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылған болатын.
Берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті шешімі шығарылып жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, 9-аумақтағы 596 жеке тұрғын үйлер, 51 көпқабатты тұрғын үйлер, 6 әлеуметтік және 22 кәсіпкерлік нысандар анықталды. Сонымен қатар 9-аумақты 15 секторға бөліп, әр көшелерге 94 жауапты белсенділер белгіленіп бекітілді. Осы бекітілген жауапты белсенділер арқылы жергілікті халыққа жалпы күні бүгінге дейін 72 тн азық-түлік таратылды. Сонымен қатар, Түркістан қаласынан келген арнайы техникалар арқылы 9-аумақтағы барлық көшелер бойындағы зардап шеккен тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандар, әлеуметтік нысандардан шыққан 125 тн күл-қоқыс шығарылды. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті атқарылып жатыр.
Сонымен қатар Түркістан қаласы әкімдігі мен белсенді кәсіпкерлер, жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер атынан күні бүгінге дейін арыстықтарға арнайы көмек үшін азық-түлік, қаржылай қолдау көрсету өз жалғасын тауып отыр.