Домой Басты жаңалықтар АЛИК ШПЕКБАЕВ: ТҮРКІСТАНҒА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАЛЫҚ

АЛИК ШПЕКБАЕВ: ТҮРКІСТАНҒА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАЛЫҚ

Түркістан төріне арнайы іс — сапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевқа қалалық көші — қон қызметтер орталығының жұмысы таныстырылды. 
Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен 2019 жылдың 14 мамыры күні ашылған орталықтың қызметімен облыстық Полиция департаментінің көші — қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Баймукашева Хадиша Қуанышқызы жіті таныстырды.
Түркістан күллі түркі жұртшылығының атамекені әрі облыс орталығы болғандықтан, бүгінде жан — жақтан ағылған туристер санында есеп жоқ. Шетел азаматтары мен қала қонақтарына тіркелу жағынан қызметтік көмек көрсететін орталық, ата қонысын аңсаған қандастарымыздың қоныс аударуына да қолайлы жағдай жасауда.
Көші — қон орталығы шетелдік азаматтардың ЖСН алу, салық төлеу, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өту, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу секілді құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеулеріне мүмкіндік беріп отыр.
Айта кетсек, бұл орталықта мемлекеттік қызметтер белгіленген уақыт регламентіне сай электрондық кезек арқылы жүзеге асуда.