Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені алдына алдағы 5 жылда еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін қойған. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
Жалпы, экономикадағы жағдай облыста тұрақты. 10 айдың ішінде өнеркәсіп 434, 5 млрд теңгені құрады (былтырғы жылмен салыстырғанда 24 млрд теңгеге артық). Кәсіпкерлік – облысымызда үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Облыста 142 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар. Ол жерде 215 мың адам жұмыспен қамтылған. Өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға артты. Инвестицияға аса қатты мән береміз. Өйткені инвестиция біздің келешек дамуымыз. Жыл басынан бері 480,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығы тұрақты түрде дамып келеді. Бұл саладағы өнім көлемі 635,3 млрд теңгені құрады. Елбасының еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жаңа технология, жаңа әдістерді ендіруге ат салысып жатырмыз, — дейді Өмірзақ Шөкеев.
Оның айтуынша,бұл жұмыс үш бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Оған шетелдік тәжірибені енгізуге де қолға алынған.
Шаруашылықтарды ірілендіріп, қазіргі таңда ең үздік суару әдістерін қолдану. Атап айтсақ, Түркістан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуі құрылып жатыр. Бұл жерде 11 мың гектарға кооперативтер ұйымдастырып, 1500-ге жуық фермерлерді біріктіріп жатырмыз. Қазір сондай 4 кооператив құрылды. Әрқайсысы 1000 гектарға дейін жер теліміне ие болып отыр. Жаңбырлатып суару технологиясы енгізіліп жатыр. Америкалық «Valmont Industries» компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл тәжірибеге биыл бірінші жыл. Екі өнім алып үлгердік. Біреуі – бидай, екіншісі жүгері. Одан бөлек, өндеу өнеркәсібі қойылып жатыр. «Түркістан Агро XXI» 795 гектар жерді суландырып, екі рет өнім алды, — дейді әкім