Домой Басты жаңалықтар АҒАШ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДЕУДІ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН ЖАНҰЯ

АҒАШ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДЕУДІ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН ЖАНҰЯ

Еліміздің дамуы ол әр тұрғынның әл-ауқатының жоғары болуымен іспеттес. Осы бағытта Түлкібас ауданында аудан әкімдігі тарапынан үгіт насихат жұмыстарының жоғарғы деңгейде жүруінің арқасында мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан атаулы әлеуметтік көмек қаржысына біршама көпбалалы аналар өз жеке кәсіптерін ашып, жарқын болашаққа қадам басуда.
Бүгінгі кейіпкеріміз Райымбергенова Гүлбақыт Жанасылқызы. Гүлбақыт Жанасылқызы көп балалы ана, жұбайы Қуат Шыңғысбекұлы екеуі 4 бала, 3 қызды асырап отыр. Мемлекет тарапынан берілген АӘК қаржысына ағаш бұйымдарын жасауға қажетті станок пен құрал-саймандарын алып өз кәсібін өрлетуде. Отбасымен еңбек ететін шеберханада ағаштан жасалатын өнімдердің бірқатар түрлері шығарылады. Атап айтар болсақ: балта, балға, күрек, орақ сияқты құралдарға саптар және күнделікті өмірде пайдаланатын тұрмыстық заттар. Өз өнімдерін аудандық құрылыс дүкендеріне өткізіп қана қоймай көршілес жатқан Шымкент қаласы, Жамбыл облысы мен Сайрам ауданына да тасымалдауда. Алдағы уақытта кірпіш (шлакоблок) шығаратын аппарат алып, отбасылық кәсібін әрі қарай арттыруды көздеп отыр.