Киелі шаһарымыздың
көркейіп, сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне өзге облыстар мен қалалар және
еліміздің алпауыт компаниялары атсалысуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы — «Астана» алаңын, Алматы қаласы — Медиа орталық,
Шымкент қаласы — облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастады.
Алматы облысы – «Жастар сарайы» ғимаратын, «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ – «Қожа
Ахмет Ясауи» мұражайын, Ақтөбе облысы — «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс
нысандарын салмақ. Ал, Атырау облысы — ашық аспан астындағы мәдени-тарихи
музей, Шығыс Қазақстан облысы — әуенді субұрқақ, Солтүстік Қазақстан облысы —
облыстық спорт мектебін, Павлодар облысы — халыққа қызмет көрсету орталығын
сыйға тартуды жоспарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысы — мәдени-тарихи Визит
орталығын, Батыс Қазақстан облысы — тарихи-киелі орындар орталығын, Қостанай
облысы — Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы — Шығыс
моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрды салатын болады. Бұдан басқа,
әуежайдың, әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда.