Домой Әлеумет ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕРСІҢ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕРСІҢ

Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды.
Біздің халықтың өзінің бойында жақсы қасиет бар. Ол – жанындағы жақынына көмектесу.

Осыған байланысты өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрмысы төмен отбасыларға жүйелі түрде көмек көрсету мақсатында қолға алынған «Қамқорлық» жобасы аясында, Төлеби аудандық мәслихат аппараты да белсенді ат салысуда. Бүгін Ленгір қаласының тұрғыны Төлешова Сабира есімді, 6 баланы тәрбиелеп отырған, көп балалы жанұяға көмек қолын созып, үйге қажетті азық-түлік (май, макарон, шекер, картоп, сәбіз т.б) өнімдерімен қамтамасыз етті.

Бұл қайырымдылық шарасы мәслихат аппараты тарапынан бір мезеттік емес, алдағы уақытта тұрақты түрде атқарылатын болады