Домой Спорт ТҮРКІСТАН: ЖАС СПОРТШЫЛАР ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТПАҚШЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАС СПОРТШЫЛАР ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТПАҚШЫ

Түркістан облысында жыл санап дамып келе жатқан Түлкібас ауданы- барлық салалармен қатар спорт саласыда қарыштап даму үстінде. Бүгінгі таңда аудан спортшылары спорттың әр түрлерінен облыстық, республикалық және әлемдік ареналарда бақ сынап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде.
Бүгінгі әңгімеміз ауданымыздың гір тасын көтеру спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан төрт бірдей жас спортшыларымыз туралы болмақ.
Мұхамеджан Жәнәділ-2004 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Түлкібас кентіне қарасты А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Гір тасын көтеру спортымен шұғылданып жүргеніне биыл 4 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда 16 келілік гір тасын 1200 рет көтеруде. 50 келі салмақта жасөспірім және ересектер арасында облыс чемпионы.
Нұржан Ақжан-2005 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Спорттың бұл түрімен 2017 жылдан бастап шұғылданады. Бүгінгі таңда 16 келілік гір тасын 1000 рет көтеруде. 43 келі салмақта жасөспірімдер арасында облыс чемпионы.
Айбасов Әлімжан-2006 жылы Түлкібас ауданында туылған. Гір тасын көтеру спортына биыл келіп, 16 келі гір тасын 1000 рет көтеруде. Жақында өткен аудан біріншілігінде бас жүлдені иеленген.
Келесі кейіпкеріміз Үкібаев Ермек-2005 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Гір тасын көтеру спортымен 2015 жылдан бастап айналысады. Ересектер және жасөспірімдер арасынан облыстың бірнеше дүркін чемпионы.
Гір тасын көтеру спортына бар жән-тәнімен берілген төрт бірдей саңылақтарымыздың айтуынша биылғы жастар жылына орай, еліміздің жастары ретінде әлем рекордын жаңартып, мемлекетіміздін мерейін үстем ету-дейді.