Састөбелік жастар жаңа оқу жылын
жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі тамыз айының үшінші аптасы, яғни спорт
күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт
кешені пайдалануға берілуі жоспарлануда.
454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде соғылған спорт
орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы
бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.
Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт
мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық,
3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың
16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.
Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін
30 % жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен
шұғылданушылар саны 29,6 % жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен
тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы
тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 % асыру жоспарда бар.