Домой Басты жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАДЫ

Бүгін Түлкібас ауданы әкімі Н. Тұрашбеков белгiленген кесте бойынша аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға 13 тұрғын келіп, өтініштері тыңдалды. Қабылдауға келген аудан азаматтары әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жер, су және т.б. мәселелері бойынша өтініштерін білдіріп көмек сұрады. Тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, заңдылықтары түсіндірілді және қабылдау барысында аталған мәселелер бойынша өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімінің қабылдауына келген аудан тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.