Домой Басты жаңалықтар ӨРТ, СУ, УЛЫ ГАЗ- ТІЛСІЗ ЖАУ АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ӨРТ, СУ, УЛЫ ГАЗ- ТІЛСІЗ ЖАУ АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Ә.Тұрғымбековтың «Суға шомылу мен улы газдан улану жағдайлардан адам өлімін болдырмау мақсатында облыс аумағында «Өрт, су, улы газ- тілсіз жау» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге бірлескен іс-шара жоспарын бекітуімен Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубта аудан тұрғындарына, Төтенше жағдайлар басқармасына, Білім бөліміне, Ішкі саясат және Жергілікті полиция қызметіне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
         Соңғы төрт жылда Түркістан облысы аумағында су айдындарында әртүрлі жағдайлармен 224 адам суға батып қайтыс болды. 2019 жылы 15 адам қайтыс болды, оның 10 кәмелетке толмаған балалар, 14 адам суға шомылуға белгіленбеген орындарда суға батып қайтыс болған.
         Сонымен қатар, соңғы үш жылда табиғи және көмір қышқыл улы газдан 35 адам ал, 2018-2019 жылғы қысқы жылыту маусымында облыс аумағында 23 адам уланып қайтыс болды. Орын алған қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі облыс тұрғындарының қарапайым қауіпсіздік ережелерін, қауіпті және шұғыл жағдайларда өзін-өзі ұстау қағидасын білмеуінің, ата-аналық міндеттеріне салғырттықпен қарауының салдарынан болып отыр.
         Құзырлы органдармен облыс тұрғындары арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенімен қайғылы жағдайлар мен оқиғалар жылдан жылға артып өсуде.
         Ауданымызда 2018-2019 жылы улы газдан 1 ауыр дәрежелі улану фактісі орын алып, аудандық жан сақтау бөліміне түсіп, емделіп шыққан.
2019 жылы 17-30 маусым аралығында ауданымызда күзгі-қысқы маусымға дайындық мақсатында табиғи газ болмайтынын Сайрам газ шаруашылығы хабарлап, осы аралықта халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін сұранды.
         Осы аралықта аудан тұрғындары газ баллондарын сығымдалған газ толтыру станциясына барып толтырмай, автокөлікке газ құятын бекеттерге барып газ баллондарды толтырып жатыр.
Сол себепті аудан тұрғындарына айтарымыз арнайы сертификатталған «Сығымдалған газ толтыру станциясына барып немесе телефон арқылы газ тасымалдайтын қызметтерге хабарлассаңыз өз өміріңізге қауіпсіз болады. Өйткені станцияда редуктор, клапандарын тексеріп, өміріңізді қауіпсіз етеді.