Домой Басты жаңалықтар ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ БІР...

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ БІР АЙДЫҢ ІШІНДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия басшылығында Арыс қаласына барып, қаладағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үй ықшамаудандары мен әлеуметтік нысандарды аралады.
ҚР Үкіметінің басшысы көппәтерлі және жекеменшік үйлер орналасқан «Көктем-1» және «Көктем-2» тұрғын үй алаптарына болды, залалданған жергілікті мектеп, қалалық аурухана мен Халыққа қызмет көрсету ғимараттарын көрді.


ҚР Премьер-Министріне тұрғын үй, әлеуметтік, инфраұрылымдық және қаланың тіршілік әрекетінің басқа да нысандарына тигізілген зардап туралы баяндалды.
Аралау кезінде А. Мамин ТЖ салдарын жоюға тікелей атсалысқан жергілікті ақсақалдармен және мамандармен әңгімелесті. Олардың қатарына саперлер, медицина қызметкерлері, құтқарушылар және жергілікті билік органдары бар. ҚР Үкіметінің басшысы оларға жұмыстары үшін алғыс айтып, «бірлескен үйлесімді жұмыстың арқасында тұрғындарды уақытылы эвакуациялап, туындаға төтенше жағдайдың ауқымдырақ салдарының алдын алу мүмкін болғанын» атап айтты.
Аралап көру қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Арыс қаласында төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі Үкіметті комиссия отырысын өткізді. Оның құрамына министрліктер мен облыстық әкімдіктердің басшылары кірді.
Ағымдағы жағдай мен төтенше жағдай салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР қорғаныс министрі Н. Ермекбаев, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеев, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов баяндады.
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге қазіргі уақытта қала аумағын инженерлік барлау, минасыздандыру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатқаны, өрт сөндіру ескерілгені, азаматтарды өз үйлеріне қайтару және олардың мал-мүлкінің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқаны туралы баяндалды. Аумақтарға жүргізілген тексерулер экологиялық жағдайға қауіп төніп тұрмағанын көрсетті.
«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы мен Мемлекет басшысы қаланы жедел қалпына келтіруді тапсырған болатын. Бізге Арыс қаласын шұғыл қалпына келтіру бойынша барлық күш-жігерімізді жұмылдыру қажет. Біз Арыс қаласындағы барлық зақым көрген және бұзылған нысандарды 2019 жылдың 1 тамызына дейін жөндеп, салуымыз керек.Барлық міндеттер оңтайлы, сапалы әрі уақытылы орындалуы керек», — деді ҚР Премьер-Министрі.
Қаланы қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері атсалысады. Зардап шеккен тұрғын үй ғимараттары облыстар арасында бөлінеді, олар құрылыс бригадаларын жіберуі керек. Арыс қаласына барлық облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалаларының әкімдерінің орынбасарлары құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін келді. Мемлекеттік материалдық қордан барлық құрылыс материалдары бөлінген.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин қаланың тіршілігін қалыпқа келтіру және оның әлеуметтік-экономикалқ дамуын қамтамасыз ету үшін 10 кешенді шараны атап айтты.

  1. Бір ай ішінде қаладағы барлық тұрғын үйлерді жөндеп бітіру;
  2. Қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қаланың әрбір тұрғынына (44 тыс. 781 человек) бір мезеттік 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу;
  3. Арыс қаласынан 4 мың бала сауықтыру лагерлеріне жіберіледі;
  4. Әлеуметтік нысандарды жөндеуді ұлттық компаниялардың көмегімен іске асыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизенс қауымдастық тартылатын болады. 66 әлеуметтік нысанды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» жөндейді.
  5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 300-ден астам ШОБ кәсіпорнына «Атамекен» ҰКП арқылы ірі бизнес қаражаты есебінен қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарында көмек көрсетіледі;
  6. Қала кәсіпкерлеріне а.ж. 1 шілдесінен бастап 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер беріледі. Биылғы жылдың соңына дейін салықтық каникулдар ұсынылады;
  7. Инженерлік инфрақұрылыма, электрмен жабдықтау және байланыс ҚР Үкіметінің қорынан қаражат есебінен қалпына келтіріледі;
  8. Газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта жөндеу жоспарланған;
  9. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына арналған аурухана мен екі емхана салынады;
  10. 2 апта бойы қару-жарақтар әкетіле бастайды. Арсенал қайта орналастырылады.
    Алдын ала бағалаулар бойынша, 104 көпқабатты тұрғын үй, 7 200-ге жуық жеке меншік үй, 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, аумақтық мемлекеттік органдар ғимараттары зардап шеккен.
    ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР РК АСКАР МАМИН: ИНФРАСТРУКТУРА И ЖИЛОЙ ФОНД ГОРОДА АРЫСЬ БУДУТ ВОССТАНОВЛЕНЫ В ТЕЧЕНИЕ ОДНОГО МЕСЯЦА

Премьер-Министр РК Аскар Мамин по поручению Президента РК Касым-Жомарта Токаева во главе Правительственной комиссии посетил г. Арысь и осмотрел жилые микрорайоны и социальные объекты города, пострадавшие от ЧС.
Глава Правительства РК побывал в жилых массивах «Коктем-1» и «Коктем-2», где расположены многоквартирные и частные дома, осмотрел поврежденные здания местной школы, городской больницы и Центра обслуживания населения.
Премьер-Министру РК было доложено об ущербе, нанесенном жилым, социальным, инфраструктурным и другим объектам жизнедеятельности города.
В ходе объезда А.Мамин побеседовал с местными аксакалами и специалистами, непосредственно принимавшими участие в ликвидации последствий ЧС. Среди них саперы, медицинские работники, спасатели и местные органы власти. Глава Правительства РК поблагодарил их за проделанную работу и отметил, что «благодаря слаженной совместной работе была проведена своевременная эвакуация населения и удалось предотвратить более масштабные последствия возникшей ЧС».
По итогам осмотра Премьер-Министр РК провел заседание Правительственной комиссии по ликвидации последствий ЧС в г. Арысь. В ее составе руководители министерств и областных акиматов.
О текущей ситуации и принимаемых мерах по ликвидации последствий ЧС доложили министры обороны РК Н. Ермекбаев, внутренних дел Е. Тургумбаев, здравоохранения Е. Биртанов, труда и социальной защиты населения Б. Сапарбаев, образования и науки А.Аймагамбетов, экологии, геологии и природных ресурсов М.Мирзагалиев, аким Туркестанской области У.Шукеев, Павлодарской – Б. Бакауов и др.
Премьер-Министра РК А. Мамина проинформировали, что в настоящее время продолжаются работы по инженерной разведке, разминированию территории города, действуют пожарные расчеты, принимаются меры по возвращению граждан в свои дома и обеспечению сохранности их имущества. Обследование территории показало, что угроз состоянию экологической обстановки нет.
«Как вы знаете, Елбасы и Глава государства поручили в срочном порядке восстановить город. Нам необходимо приложить все усилия для оперативного восстановления Арыса. Мы должны отремонтировать и построить все поврежденные и разрушенные объекты г. Арысь до 1 августа 2019 года.Все задачи должны быть выполнены оптимально, качественно и в срок», — подчеркнул Премьер-Министр РК.
В восстановлении города примут участие все регионы страны. Поврежденные жилые здания будут разделены между областями, которые направят бригады строителей. В город Арысь прибыли заместители акимов всех областей, гг. Нур-Султан и Алматы для организации строительных работ.Из государственного материального резерва выделены строительные материалы.
По итогам совещания Глава Правительства РК А.Мамин озвучил 10 комплексных мер для восстановления нормального функционирования города и обеспечения его социально-экономического развития.

  1. В течение месяца отремонтировать все жилые дома в городе;
  2. В качестве дополнительных социальных мер поддержки каждому жителю города (44 тыс. 781 человек) будет единовременно выплачено по 100 тыс. тенге;
  3. 4 тыс. детей из г. Арысь будут направлены в оздоровительные лагеря;
  4. Ремонт социальных объектов планируется провести с помощью национальных компаний, а также привлечь к строительным работам крупные промышленные предприятия и бизнес-сообщество. 66 объектов социальных объектов будет отремонтировано АО «ФНБ «Самрук-Казына».
  5. В рамках социальной ответственности бизнеса более 300 предприятиям МСБ через НПП «Атамекен» будет оказана помощь в восстановлении и ремонте за счет средств крупного бизнеса.
  6. Предпринимателям города с 1 июля т.г. будут выдаваться льготные кредиты до 5 млн. тенге. Будут предоставлены налоговые каникулы до конца этого года;
  7. Инженерная инфраструктура, электроснабжение и связь будут восстановлены за счет средств из резерва Правительства РК;
    8.Запланирована модернизация и реконструкция систем газо- и водоснабжения;
  8. В целях повышения качества медицинского обслуживания жителей города будут построены больница и две поликлиники;
  9. В течение 2-х недель будет начат вывоз боеприпасов. Арсенал будет передислоцирован.

По предварительной оценке, повреждено 104 многоэтажных жилых дома, порядка 7 200 частных домов, 14 школ, 2 больницы, 28 детских садов, здания территориальных государственных органов.

Пресс-служба Премьер-Министра РК