Домой Білім БІЛІМ КӨКЖИЕГІ: АТАҚТЫ АДАМНЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТСАҚ ДЕЙМІЗ

БІЛІМ КӨКЖИЕГІ: АТАҚТЫ АДАМНЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТСАҚ ДЕЙМІЗ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтар сьезінде, ең алдымен, жиынға қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жарқын, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы педагогтердің бүгінде тек пәнді ғана үйретіп қоймайтынын, сондай-ақ балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоциялық интеллектісін дамытуға ықпал ететінін айтты. Осынау жоғары атқа лайық болу үшін мұғалімдер әрдайым кәсіби тұрғыдан дамып, өзгерістерге дайын болуға тиіс.

– Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды. Алайда қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетпіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 2300-ге жуық мектеп салынды. Соның нәтижесінде төрт ауысыммен оқытудан арылдық. Дегенмен «үш ауысыммен» оқу жүйесі әлі күнге дейін бар. Көптеген мектептің техникалық жабдығы ескірген. Осы мәселенің бәрін жоспарлы түрде шешуіміз қажет. Менің бастамаммен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жылдың ішінде барлық аймақта, соның ішінде ауылдық жерлерде жүздеген білім ордасы салынады. Соның арқасында үш ауысыммен оқытудан біржола құтыламыз, – деді Президент.

Осы орайда облыс тұрғындарына Сауран ауданындағы Әшірбек Сығай мектебі жайлы маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Сауран ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім ошақтарының басшыларына мектептердің қазіргі материалдық-техникалық жағдайы, оқушылардың білім деңгейі, мұғалімдердің біліктілігі туралы сауалдарға жауап алған едік. Сауран ауданының білім бөліміне қарасты Әшірбек Сығай атындағы мектептің директорының біздің тарапымыздан қойылған сұрақтарға берген жауабымен таныс болыңыздар.

— Мереке Кенжетайқызы, оқу жылы аяқталды. Мектеп бітіруші түлектердің саны қанша?

— Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Әшірбек Сығай атындағы жалпы білім беретін мектебін 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпта 44 оқушы бітіреді. Оның ішінде 24 оқушы қазақ бөлімін, 20 оқушы өзбек бөлімінде оқиды.

— ҰБТ-ға дайындық барысына мектеп жауапты емес, дегенмен білім ұясынан түлеп ұшқан оқушылардың жоғары оқу орындарына көптеп түскені сіздерге де үлкен абырой. Түлектердің қанша пайызынан жоғары үміт күтіп отырсыздар?

— Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 75% -нан үміт күтіп білім грантын жеңіп алады деп отырмыз.

— Көпшілік арасында 11 сынып оқушылары ҰБТ-ға дайындалу үшін қосымша сабақтарға барып, мектепке келмейді деген пікір бар. Осы сұрақ жөнінде редакциямызға оқырмандар тарапынан «Ата-ана ұл-қыздарын мектеп мұғалімдеріне неге сеніп тапсыратыны, алайда ҰБТ-ға дайындық кезінде қосымша сабақтарға қаржы төлейтіні ұстаздар қауымын ойландырмай ма?» деген сауалдар келуде. Бұған не дейсіз?

— Мектебімізде 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітілген. Қосымша сабақ — Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты — оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері — оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже – ҰБТ – да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асырылады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары және т.б. оқыту түрлерін көбірек пайдаланылады. Мектептегі қосымша сабақтар сабақтан тыс уақытта, яғни түстен кейін өткізіледі.

— Мектеп асханасының сапасын бақылауда ұстау директордың бір міндеті болып есептелетін шығар. Олай болса сіз басқарған білім ұясындағы асханаға қандай баға бересіз?

— Мектеп асханасы күнделікті өз бақылауымда болады. Асханамыз таза, талапқа сай жасақталған. Асхананың жұмыс істеу кестесі мен ас мәзірі және құзыретті мекемелерімен бекітілген 4 апталық ас мәзірі бар. Мектептің медбикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сәйкес екендігін журналға толтыру және оларды тұтынуға рұқсаттама беріледі. Оқушылардың тамақтанатын орындары мен әрбір балаға берілетін ыдыс түрлері жеткілікті. Оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала медбикенің қадағалауынан өтіп барып беріледі. Мектеп асханасында жұмыс жасайтын жұмысшылардың барлығында санитарлық кітапшалары бар. Жалпы мектеп асханасында тамақтанудың гигенасы мен санитарлық нормалары сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына барлық жағдайлар жасалған.

— Өзіңіздің мамандығыңыз және осы саладағы қызмет өтіліңіз жөнінде мәлімет берсеңіз. Директорлық қызметке педагогикалық тәжірибеңіз жеткілікті деп есептейсіз бе?

— Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша Ақмола қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алдым. Университетте 1994-1998 жылдар аралығында оқыдым. Ұстаздық еңбек жолымды Астана қаласы, Шортанды ауданы, Новокубанка орта мектебінен бастадым. 1998 жылдан бастап мұғалім болып еңбек етіп келемін. Мен үшін мұғалімдік – ол өте үлкен, дара жол. Бұл қызметте еңбек ету — әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Ұстаздық жолда қажырлы қайрат керек. Баламен жұмыс істеу өте қиын. Баламен бала болып, тіл табысу, әрқайсысының мінезін зерттеп, онымен жылы сөйлесіп, қызмет атқару оңай жол деп есептемеймін. Сол себепті мектепте мұғалім болып істеген әрбір адам шыдамды, төзімді, қажырлы, қайратты болуы керек.

Қазіргі таңда педагогикалық еңбек өтілім 25 жылға жуықтапты. Оның 11 жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Ал 2021 жылдан бастап мектеп басшысы қызметіндемін. Мектеп басшысы — білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын білім беру саласындағы шешуші тұлға.

Қазіргі уақытта мектеп директоры үйлестіруші, әлеуметтік құрылысшы, жаңа, прогрессивті және демократиялық барлық нәрсені жеткізуші болып табылады. Әртүрлі басқару қағидаларына сүйене отырып, басшы ретінде өз жұмысымда тұлғаға бағытталған әдісті ескере отырып, мұғалімдерге деген жеке әдісті қолданамын. Сонымен қатар облыстық көшбасшылық қауымдастығының құрамындамын.

— Жас жеткіншектердің оқу үлгерімі, тәрбиесі секілді азамат ретінде қалыптасуына мектептің де қосар үлесі мол. Осы ретте оқушыларға үлгі болатын педагогтердің білім берумен қатар білім ұясындағы мәдениеті яғни өзара ынтымағы мен жүріс тұрысына қатысты не айтасыз?

— Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі мәселесі елімізде, тіпті бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселе. Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Жеткіншектік кезең бұл тану, білу процесінің ең күшті дамитын кезеңі болып қана қарамастан, өзінің мінез-құлқын өзгертетін ең өзекті мезгілі; ата-ана жеткіншектердің жарқын үлгісі. Ал мектеп біліммен және тәрбиемен сусындататын алтын ұя. Қазіргі кезеңдегі үлгілі педагогтардың бірі Б.Сағындықұлы өз еңбектерінде былай деп атап көрсеткен еді, «мектеп өз бетімен жеке жұмыс жүргізуі жеткіліксіз, мектеп әр отбасымен ынтымақтаса отырып, олардың басын қосып біріктіру арқылы белгілі статус ала отырып, тәрбие орталығына айналады», яғни ата-анамен мектеп бірлесіп сәйкесті жұмыс істегенде ғана жеткеншіктердің дұрыс тәрбиеленуіне, дамуына тамаша негіз қаланады.