Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ ФОТОГРАФТАР БАС ҚОСҚАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ ФОТОГРАФТАР БАС ҚОСҚАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Түркістанда облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан қаласы әкімдігі мен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Түркістан фотографтар көзімен» республикалық фестивалі қорытындыланды. Екі күнге созылған шараға республиканың 15 өңірінен фотографтар арнайы қатысып, киелі шаһардың көрікті жерлерін суретке түсірді. Салтанатты шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев арнайы қатысып, фестиваль қатысушыларына шаһар басшысының ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар сурет өнерінің мәніне тоқталып, көрмеге қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Барлық фотграфқа арнайы сый-сияпат табысталды. Шара барысында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары іс-шараның жоғары өтуіне атсалып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Патриоттық бағытта әндер шырқалып, арнау айтылды. Мың бұралған бишілер көрерменді өз өнерімен тәнті етті. Айта кетейік, «Оқушылар» сарайындағы өткен кеш барысында фотограф еңбектерінен арнайы көрме жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды. Аталған көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 26 қарашаға дейін тамашалай алады.