Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі, « Ерен еңбегі
үшін » медалінің иегері Айнұр Нұрашованың « Жайнай бер жастар
жаңаша » атты алғашқы ән кеші өтті.
Он сегіз жыл бойы өнер жолында еңбек етіп жүрген күміс көмей әншінің жеке
шығармашылық концерті театрландырылған қойылыммен бастау алып, « Анамның
жаққан ошағы » әнімен ашылды. Айнұр Жұмабекқызы « Тұмар »
фольклорлы ансамблі және « Алаш » вокалды аспаптар ансамблінің
сүйемелдеуімен дәстүрлі, халық әндері мен халық композиторларының таңдамалы
туындыларын орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, концертке ҚР
Мәдениет қайраткерлері Айжан Тәженова, Жұбаныш Жексенұлы қатысып,
тыңдармандардың жүрегінен орын алған әндерінен шашу шашты.