« Түркістан сарайы »
концерттік ұйымының « Фараб » би ансамблі Мәскеу қаласында өтетін
Наурыз мерекесіне аттанды.
Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген би тобы өңірімізбен қатар шетелдік сахналарда да
төл өнерді насихаттап келеді.
Өткен жылы Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен XXXII « Алтын
Қаракөз » Халықаралық би фестивалінде 23 мемлекеттің ішінен еліміздің
намысын қорғап »ТҮРКСОЙ » Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие
болса, Түркияның Инегел қаласында өткен Мәдениет және өнер фестивалінде жүлделі
бірінші орынды иемденген болатын.