Inicio Қоғам МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Түркістан – Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Нұрғалиқызы Атакент кентіндегі Мақтаарал аграрлық колледжінде болып студенттер мен ұстаздар қауымымен жүздесті.

Ең алдымен, “Саналы ұрпақ”, “Парасаттылық мектебі” жобаларының жұмысымен танысып, өзара пікір алмасты.

  • “Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындауда үлкен рөл атқарады.
    Агенттік тарапынан қолға алынып жатқан әрбір жоба жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін насихаттай отырып, оқу орындарында академиялық адалдық пен өнегелілікті қалыптастыратын болады”, – деп атап өтті жобалық кеңсе жетекшісі.

Сонымен қатар, колледждің оқытушы құрамымен кездесу өткізіп, адалдық атты құнды қасиетті білім алушылар арасында кең көлемде дарыту қажеттігін екшелеп жеткізді.

Айта кетсек, Орта Азияда елдерінің ішінде сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жүргізуде 24 орында тұратын Қазақстанда білім саласы мен құрылыс, медицина, ішкі істер салалары сыбайлас жемқорлық ықтималдығы жоғары салалар болып саналады.

Айта кетейік, бұған дейін 4 ауданда болған “Түркістан – Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі мен менеджерлері жалпы саны 29 заң бұзушылықты анықтаған. Олар бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, заң аясында жұмыстар жүргізілген.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті тарапынан өткен жылы қаралған 42 қылмыстық істің 29-ы білім саласына қатысты болып отыр.