Inicio Қоғам ЕЛ МҮДДЕСІ-БАСТЫ МАҚСАТ

ЕЛ МҮДДЕСІ-БАСТЫ МАҚСАТ

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Ермаханбетова, Б.Өмірәлі, Н.Амангельдиева, Т.Тастанов, 11 Тасарық ауылдық округінде Тасарық ауылдық клубында бас қосып, үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін жергілікті тұрғындармен кездесті. Ондағы мақсат елмен жүздесіп, ой-пікірін тыңдау, мәселелерін ортаға салу арқылы шешуге мұрындық болу. Нұротандықтар енді санмен емес, жұмыс сапасымен де ерекшеленуді мақсат еткен. Үміткерлердің өзі халықтың айтқан уәждерін, мәселелерін, мақсаттарын билікке жеткізіп, шешілуіне ықпал ету.
Осы таңға дейін партияның қолдауымен түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Сонымен Тасарықта өткен шарада үміткерлер тұрғындарға сайлауалды бағдарламамен таныстырып қана қоймай, алдағы бес жылдықта осы өңірде шешімін табатын мәселелерге тоқталды. Жиналғандар өз кезегінде «Nur Otan» партиясына сенім артып, дауыс беретіндерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді