Inicio Әлеумет ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Р.Қуатбекова, Түркістан облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қ.Шонбасов, жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы Ү.Сазанбай, «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ділдәбеков, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық «Nur Otan» партиясының партиялық бақылау комиссиясының және қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері қала аумағындағы жер қойнауын пайдаланып жатқан компаниялардың заң талаптарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Арыс қаласы бойынша келісімшарт негізінде 10 кәсіпорынға және лицензия түрінде 9 жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаты берілген. Оның ішінде 2021 жылы Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы тарапынан 2 кәсіпорынның рұқсаты кері қайтарылған. Қазіргі таңға келісімшарт негізінде 7 кәсіпорын, лицензия түрінде 1 кәсіпорын жұмыс жасауда. Ал қалған келісім-шарт негізіндегі 1 және 8 лицензия түріндегі кәсіпорындар бүгінгі таңда тиісті құжаттарды рәсімдеуіне байланысты құм өндіру жұмыстары жүргізілмеуде.

Арыс қаласы бойынша жер қойнауын заңсыз өндірудің мониторингі және жүк автомобилінің рұқсаты етілген көлемдік және салмақтық параметрлерінен асып кетуіне жол бермеу жөніндегі мобильдік тобының құрамы бекітілген. Осы құрылған топ Түркістан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес қала аумағындағы автомобиль жолдарының бұзылуына жол бермеу және қала маңындағы карьерлерден шығатын ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген көлемдік және салмақтық параметірлерінен асып кетуіне жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілген. Рейд барысында ҚР ӘҚБК 590, 630 баптарымен 29 хаттама толтырылған. Облыстық көлік инспекциясымен бірлесіп артық салмақ және жүк құжаттарының болмауына 6 хаттама толтырылған. Заңсыз жер қойнауын пайдалану жағдайының орын алмауын бақылайтын мобильді топ тұрақты түрде тиісті жұмыстарды атқаруда. Бүгінгі таңда заңсыз жер қойнауын пайдалану жағдайлары орын алмаған.

Арыс қаласы бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға жұмысшы тобтың тарапынан қала аумағындағы автомобиль жолдарының бұзылуына жол бермеу үшін, қала маңындағы карьерлерден шығатын кіре беріс аумағына ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы орнату және жүк көліктерінің тиісті талаптарды сақтауын қадағалау үшін (құмның шашылуын болдырмау, көліктердің үстін арнайы тентпен жабу және т.б) ұсыныстар айтылды. Жұмысшы топ қала аумағындағы өндірістік кісіпорындардың жұмыстарын бақылауға алып, алдағы уақыттада мониторинг жұмыстарының жалғасатындығын жеткізді.