Inicio Әлеумет Түркістан облысында полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде 70-тен астам құқықбұзушылықты анықтады

Түркістан облысында полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде 70-тен астам құқықбұзушылықты анықтады

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық аумағында 16-наурыздан 15-сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілген.
Төтенше жағдай басталғаннан бері Түркістан облысының полицейлері төтенше жағдай режимін бұзудың 71 жайтын анықтады. Нәтижесінде тәртіп бұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, оның ішінде 17 адам әкімшілік қамауға алынды.

Мысалы, Жетісай қаласында тәртіп сақшылары төтенше жағдай режиміне қарамастан жұмыс істеген А. Байтұрсынов көшесіндегі азық-түлік дүкенінің екінші қабатында орналасқан ойынхананы анықтады. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Нәтижесінде ойынхананың иесі 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға төтенше жағдай режимін сақтау қажеттігі туралы қатаң ескертеді. Бүкіл әлем мен елдегі жағдайдың маңыздылығын толық түсініп, сақтық шараларын жасауға шақырады.