Inicio Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 2019 ЖЫЛЫ 125 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖАҢҒАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 2019 ЖЫЛЫ 125 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖАҢҒАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түлкібас ауданында соңғы 2 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығын дамыту жолға қойылды. Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірінде өсе бермейтін өсімдік. Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының тұрғындары осы мерзімге дейін үй-іргелік жерлеріндегі жаңғақ ағаштарынан ғана өнім алынып келген.

Тағы бір айта кетерлігі көпшілік жаңғақтардың депрессияға қарсы өнімдер қатарына кіретінін біле бермейді. Бұл ретте жаңғақтардың пайдалы қасиеттері жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.  Жаңғақтар арқылы денсаулығыңызды сақтап қана қоймай, айтарлықтай жақсарта алады екенсіз.

2018 жылы ауданымызға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 250,0 га жаңғақ отырғызу тапсырмасы беріліп, 257,5 га отырғызылып, меже 103 пайызға орындалса, 2019 жылы 125 гектар жерге жаңғақ көшеттері отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.