Start Қоғам ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҚТАРЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҚТАРЫ АШЫЛДЫ

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ел аумағында ашықтық пен қолжетімділікті көздейтін бірегей жоба – „Service zone“(Қызмет көрсету аймағы) іске қосылған болатын.

Бұл келелі жоба Түркістан өңірінде де жүйелі жолға қойылып, бүгінде облысқа қарасты 83 ауылдық округте ашылып, ауыл тұрғындарының игілігіне беріліп отыр.

Сонымен қатар, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың қатысуымен Ордабасы ауданына қарасты Бадам және Қажымұқан ауылдық округтерінде „Service zone“ қызмет көрсету аймағы ашылды.

Онда ауыл тұрғындарына қолайлы қызмет түрлері, соның ішінде тегін интернет желілері, компьютерлер мен қағаз басып шығару құралдарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Алдағы уақытта мұндай қолайлы қызмет көрсету орталықтары „Түркістан – адалдық алаңы“ жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес, облысқа қарасты барлық ауылдық округтерде жаппай ашылуы жоспарланып отыр.