Start Әлеумет ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының  мүшелері киелі өңірде халықпен тең отырып тілдесуді және сол арқылы сыбайлас жеморлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді.  дәріптеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.      

   Осы орайда, бүгін облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорлары арасында Мемлекет басшысы қол қойған ҚР-ның Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне  қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.      

 Сондай-ақ,   облыстық штаб жетекшісі адалдық, туралық  құндылықтарын кең көлемде дәріптеу мақсатында құрылған Штабтың негізгі мақсат-міндеттерін  ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру –  әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.           

Білім беру саласының мамандарымен өткен келелі жиынның соңында  жиынға қатысушылар тарапынан қойылған  сауалдарға толымды жауап беріліп,  жас ұрпақты адал біліммен сусындату – ел ертеңі үшін айрқша басымдыққа ие екендігі ортаға салынды.   

Айта кетсек, Түркістан облыстық ақпараттық-ағарту Штабы 2019 жылдың 25 желтоқсан күні құрылып, оның құрамына облыстың зиялы қауым өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ге жуық азамат енген болатын.