Home Басты жаңалықтар БОКСТАН 20 САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

БОКСТАН 20 САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде бокстан облыстық біріншілік басталды. Жылда дәстүрлі түрде өтетін былғары қолғап шеберлерінің сайысы ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына орай КСРО-ның спорт шебері Пазылбеков Марат Мәдениетұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылды. 2008-2009 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған жарысқа облыстың аудандарынан 350-ге жуық спортшы қатысуда.

Ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Сәрсенбаев «Алтын жұдырықты Бекзат Саттархановты тудырған киелі Түркістанның топырағынан дарыған рух-жігер сіздерге де жұғысты болсын!» деген ыстық лебізін жеткізді. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Таңғатаров, халық қалаулысы Ғалымжан Құдияров және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер мен спорт бөлімінің басшысы Арман Мырзабаев, қаланың бас имамы Мухаммеджан Джумадуллаевтар сөз сөйлеп, қатысыушыларға сәттілік тіледі.

Жас боксшылар 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтауда. Жеңімпаздар жексенбіде анықталып, аймақтық ел біріншілігіне жолдама алады.