Home Басты жаңалықтар АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде Кеңес әскерінің ауған жерін біржола тастап шыққанына 33 жыл толуына орай, волейболдан аудандық жарыс өтті. Аудандық жарысқа 6 ауылдық округтің спортшылары қатысып, бақ сынасты.

Ескі Иқан ауылдық округінде 10 ауған соғысының ардагері бар. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілген шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының төрағасы Ақай Тілес құттықтау сөз сөйлеп, ауған соғысы ардагерлері екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің ізбасарлары екенін, ауған соғысы адамзат тарихында қаралы жылдар болып қалатынын айтып, жастарды отансүйгіштікке шақырды.

Жарыс нәтижесінде Қарашық ауылдық округінің «Тұран» командасы І-орын, Шаға ауылдық округінің «Ынтымақ» командасы ІІ-орын, Ескі Иқан ауылдық округінің «Иқан» командасы жүлделі ІІІ иеленді. Жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері арнайы алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Сондай-ақ ауған соғысы ардагерлеріне де естелік сыйлықтар табысталды.