Домой Uncategorized ЖОО студенттері арасында «TECHNO CUP VI!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті

ЖОО студенттері арасында «TECHNO CUP VI!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Қазақстандық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары университет гранты мен 2 млн теңгеден астам сыйақыларға ие болды. Сәтбаев Университетінде 7–11 сынып оқушылары мен ЖОО студенттері арасында «TECHNO CUP VI!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Оған іріктеу кезеңінен өткен 400 пікірсайысшы қатысты, олардың арасында еліміздің әр өңірінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген 128 мектеп оқушылары бар.Турнирдің қорытындысы бойынша Мектеп лигасында Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Әлішер Қуаныш пен Ақылжан Итеғұлов жеңімпаз атанды. Олар Сәтбаев Университетінің білім грантын ұтып алды. Әлішер қазір 10-шы сыныпта, Ақылжан 11-шы сыныпта оқиды.Ақылжан Итеғұлов өз қуанышымен бөлісті.Қазақ және орыс лигаларының жеңімпаздары, сондай-ақ турнирдің үздік спикерлері жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлық алды. Сондай-ақ «Үздік төреші» номинациясының иегері анықталды, аталған номинация бойынша ХАTИ-ның студенті Ульяна Вилемсон жеңімпаз атанды.Айта кетейік, турнир америкалық, британдық парламенттік пікірсайыс форматтарының ережелері және Линкольн-Дуглас ережелері бойынша өтті. Финалдық ойынның қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Патриот» пікірсайыс клубы үздік делегация атанды.

Гранты университета и призы на сумму более 2 млн тенге получили победители дебатного турнира в КазахстанеSatbayev University провел среди школьников 7-11 классов и студентов вузов Республиканский дебатный турнир «TECHNO CUP VI!». В нем приняли участие 400 дебатеров, прошедших отборочный тур, в их числе 128 школьников из разных регионов страны и городов республиканского значения.По итогам турнира лучшими дебатерами в школьной лиге стали учащиеся школы-гимназии имени М.Курмангалиевой города Актобе Алишер Куаныш и Акылжан Итегулов. Они выиграли гранты на обучение в Satbayev University. Алишер сейчас учится в 10 классе, а Акылжан в 11-ом.Призеры казахской и русской лиг, а также лучшие спикеры турнира получили денежные вознаграждения на общую сумму более 2 млн тенге. Также был определен победитель в номинации «Лучший судья». Им стала студентка МУИТ Ульяна Вилемсон.Отметим, турнир проводился по правилам американского, британского форматов парламентских дебатов и правил Линкольна-Дугласа. По итогам финальной игры лучшей делегацией признан дебатный клуб «Патриот» Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи.