Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ж.Елемесова Ақмола облысы, Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» тақырыбында өткен съезд туралы мәлімдеме жасады. Түркістан облысынан 18 МДҰ педагогтары және Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығымен бірге 3 жекеменшік балабақшаның құрылтайшылары қатысты. Атап айтсақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандары, облыстар, Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкіметтік емес ұйымдар мен баспалардың өкілдері қатысты. Съезд жұмысы 2 бөлімнен тұрды: пленарлық отырыс және секция жұмыстары. Төрт секция жұмысы келесі тақырыптарда ұйымдастырылды: «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны»; «Сапа өлшемшарттары және менеджмент»; «Ойын – баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы»; «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі». Шара барысында Мәскеу қалалық педагогикалық университеті және Ресей ғылымдары академиясының И.П. Павлов атындағы физиология институтының сарашыларымен онлайн трансляция жүргізілді. Сонымен бірге, 4 секцияның бәріне ортақ спикерлер аса маңызды тақырыптарды түсіндіріп, пікір алмасты:1) мазмұн сабақтастығы;2) МДҰ аттестациясы;3) инклюзивті және арнайы білім беру;4) педагогтердің білім жетілдіруі.Пленарлық отырыс ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің құттықтау сөзімен ашылды. Пленарлық отырысқа жазылған 6 баяндамашының сөзі тыңдалды. «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Облыстық “Білім беруді дамыту орталығының” директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлының құттықтау сөзімен ашылды. Іс-шарада 3 баяндамашының сөзі тыңдалды. Забира Сарсенбаевна Кеутаева Түркістан облысының «Білім Беруді Дамыту Орталығының» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері «Мектепке дейінгі ұйымның даму ортасын жобалаудағы сапалы бағалау нәтижелері»;Пернебай Шырын Әбдіқайымқызы Ордабасы ауданы Адами әлеуетті дамыту Білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ғылыми негіздеу және қолдау»; Бимаханова Айнұр Бимаханқызы Кентау қаласы МКҚК «Таңшолпан» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі «Мектепке дейінгі балаларды ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту». Съезд жұмысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту мәселелер жан-жақты талқыланды.