Домой Uncategorized «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту білім бөліміне қарасты М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 14 наурыз күні АӘДБ-нің 03.03.2022 жылғы № 229-19/07/-23/281 шығыс хатына сәйкес, мектеп жасындағы қыздарды ұлттық тәрбие, салт-дәстүріміз арқылы имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, оқушылар арасында сексуалдық сипаттағы қылмыстың құрбаны болудың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте жастағы некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру, қыздар ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге АӘДБ-нің әдіскері Мұратбек Ұлтусын Құлбекқызы, аудандық Жастар ресурстық орталығының психологы М.Сариева, Қайнар, Бөржар ДА психологы М.Кошанова, мектептегі қыздар ұйымының жетекшілері қатысты.

«Қыздарды ұлттық тәрбие,салт-дәстүріміз арқылы имандылыққы, инабаттылыққа баулу» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, «Қыз балаларына қатысты зорлық-зомбылықтың және кемсітушіліктің алдын-алу» тақырыбында қыздармен пікір алмасып және «Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және медициналық қызметті алу » тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.