Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Қ.Тоқаев
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқына үндеуінде гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетіп, техникалық мамандыққа мән беретін кез келді. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдеріне басымдық беру керектігін айтқан болатын.
«Техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыру, сұранысқа ие техникалық және кәсіби мамандарды дайындау мақсатында Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Мақұлбекова, бөлім әдіскері Ф.Сапарбаева, №1,5,17,24 мектеп директорының тәрбие, бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары: Т.Омаров, М.Нурмухамедова, З.Макулбекова, Н.Бабанов, Кентау институтында болып, институттың Инженерия факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г Ниязова, Электр инженериясы кафедрасының меңгерушісі Б.Қуатбеков, Компьютер инженериясы кафедрасының меңгерушісі Н.Жунисовпен кездесті. Кездесу барысында Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Кентау институты бірлескен жұмыс жоспарын жасап, меморандумға қол қойып, бөлімге қарасты мектептердің 10-11 сынып оқушыларын техникалық мамандықтарды таңдауға қызықтыру, техникалық мамандықтар бойынша ғылыми жобалар дайындауға баулу туралы ой қозғады. Электр инженериясы, компьютер инженериясы, кафедра және лабораториясының жұмыстарымен танысты.Жалпы еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл –уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.